ҚР-да азық-түлік тауарлары бір айда 1%, бір жылда 21% қымбаттады
5 октября 2022
116
ҚР-да азық-түлік тауарлары бір айда 1%, бір жылда 21% қымбаттады
ТМД елдері арасында, Trading Economics мәліметінше, биылғы тамыз айында азық-түлік былтырғымен салыстырғанда ең көп Молдовада қымбаттады: 38,4%. Одан кейін Украинада* 30,7%, артынша Қазақстанда 21% қымбаттады.
Әзірбайжанда, Беларусьте және Қырғызстанда былтырдан бері 18,9% қымбаттаса, Ресейде 15,8%, Арменияда 12,5% өсті.
Анықтама үшін: Тәжікстанда азық-түлік бағасы шілде айында былтырмен салыстырғанда 9,7% қымбаттағаны белгілі, ал Өзбекстанда тек 2021 жылғы желтоқсандағы мәлімет бар. Бір жылда 14,3% қымбаттаған. Түркіменстанға қатысты деректер жоқ.
* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.
ҚР СЖРА ҰСБ мәліметінше, биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда азық-түлік бағасы бір айда 1%, бір жылда бірден 20,8% өсті.
Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада Маңғыстау облысында 2,1%, Жетісу облысында 1,9%, Абай облысында 1,5% қымбаттаса, ең аз өсім елордада байқалды: 0,4%.
Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарларының бағасы ең көп Маңғыстау (25,8%), Ақтөбе (23,5%) және Ақмола (22,7%) облыстарында байқалды.
Өсімдік өнімдерінің ішінде жемістер мен көкөністер бір жылда 14,8% қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің өзіндік құны бір жылда 11,9%, көкөністер бағасы 11,8% өсті.
Банан бірден бір жылда 20,9%, килосы 696 теңгеге дейін, апельсин 17,7%, 836 теңгеге дейін, лимон 15,3%, 1,2 мың теңгеге дейін, алма 7,9%, 556 теңгеге дейін қымбаттады.
Көкөністердің ішінде пияз 46,9%, 188 теңгеге дейін, қияр 25,3%, 374 теңгеге дейін, қызанақ 13,6%, 428 теңгеге дейін, картоп 12%, 175 теңгеге дейін қымбаттады.
Қырыққабат 4,9%, сәбіз 11,6% және қызылша 12,4% арзандады.
Жылдық динамика бойынша сүт өнімдерінің бағасы 24,6% өсті. Оның ішінде ішетін сүт — 24,6%, сүт консервілері — 28,9%, ашытылған сүт өнімдері — 26,4% қымбаттады.
Майлылығы 2,5% пастерленген сүт литрі орта есеппен 313 теңгеден, майлылығы 3,2%–4% сүттің литрі 394 теңгеден, қаймақ 1 кило 1,6 мың теңгеден, айран 344 теңгеден сатылды. Сүзбе 1,8 мың теңге, қатты ірімшік 4,3 мың теңге.
Ет және ет өнімдері жылдық динамика бойынша 14,5% қымбаттады. Сиыр еті бір килосы орта есеппен 2,3 мың теңге, қой еті 2,6 мың теңге, шошқа еті 2 мың теңге, жылқы еті 2,9 мың теңге, тауық еті 1,3 мың теңгеден сатылды.
Қайнатылған шұжық бір жылда 19%, 2,5 мың теңгеге дейін, жартылай ысталған шұжық 17,9%, 3 мың теңгеге дейін қымбаттады. Он жұмыртқа бағасы 7,9%, 383 теңгеге дейін қымбаттады.
Тамыз айының қорытындысы бойынша бір жылда нан 18,4%, ұн 41,4%, макарон өнімдері 35,7%, жарма 32,7% қымбаттады.
Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының килосы 335 теңгеден, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның килосы 192 теңгеден, қара бидай-бидай нанының килосы 403 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұнының килосы 357 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұны 229 теңге болды.
Рожкидің бір килосы 521 теңге, вермишельдің килосы 520 теңге, кеспенің килосы 1 мың теңгеге жетті.
Дәнді дақылдардың ішінде бір жылда арпа 38,3%, килосына 344 теңгеге дейін, қарақұмық 36,1%, килосына 686 теңгеге дейін, жарма 31,4%, килосына 419 теңгеге дейін, сұлы жармасы 30,7% килосына 566 теңгеге дейін, күріш 22,4%, килосына 446 теңгеге дейін, тары 20,8%, килосына 447 теңгеге дейін қымбаттады.
ҚР премьер-министрінің орынбасары, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелеріне арналған селекторлық кеңес өткізді.
20 қыркүйектен бастап әкімдіктер «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесе отырып, өңірлерде сауда саясаты бойынша қолданыстағы заңнама бойынша сауда-саттық, ірі супермаркеттердің иелері және ӘМАТ-ты сатушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6827
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6735
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6543
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6393
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6371
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6257