Миллиардтаған тонна бидай: Қазақстан әлемдегі ең ірі өндірушілердің қатарына енді
2 октября 2026
9
Бүгінде Қазақстанда егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде бидай алқаптарының қысқарып, майлы дақылдар егістігінің 5,2 млн гектарға дейін ұлғаюына байланысты, елдегі жалпы егіс құрылымында дәнді дақылдардың үлесі 72%-дан 66%-ға дейін азайды. Тиісінше, майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.
Қазіргі таңда елімізде 13,5 млн гектар немесе 83% дәнді дақыл егістігі орылды. Орташа түсім гектарына 14,7 центнерді құрап, 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың жалпы түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары болады деп болжанады, бұл ішкі нарықтың азық-түлік астығына, жем-шөпке және тұқымдық материалға деген қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Сондай-ақ 2,4 млн гектар майлы дақылдар орылып, 2,4 млн тонна майлы тұқым бастырылды, ал жиын-терім қорытындысы бойынша 5 млн тоннадан астам өнім жиналады деп күтіледі.
Айта кетерлігі, Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін тек ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру арқылы ғана емес, сонымен бірге оны терең өңдеу есебінен дамыту бағытынан ауытқыған жоқ. Яғни, негізінен шикізат экспорттаудан қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу көзделіп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы аясында елімізде өңдеу қуаттарын кеңейту, заманауи технологияларды ендіру және өнімді қайта өңдеудің келесі кезеңдерін қамтитын өндірістерді дамыту бойынша шаралар қолға алынып жатыр.
Астық нарығы үшін мұның маңызы зор: бидай мен басқа да дәнді дақылдардың жоғары түсімі қайта өңдеуге арналған қомақты шикізат қорын қалыптастырады. Мұндай өндірістерді өркендету аграрийлердің өнім өткізу ауқымын кеңейтіп, ел ішінде қосылған құн жасауға, сондай-ақ отандық АӨК экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығару үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында 2029 жылға дейін жалпы қуаты 5,8 млн тоннаны құрайтын алты ірі инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланып отыр.
Биылдың өзінде жүгеріні терең өңдейтін екі жоба — Түркістан облысында «Қазкрахмал» ЖШС және Жамбыл облысында Fufeng Group компаниясының жобасы іске қосылды.
Жоспарланған барлық астық жобалары бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 4 млрд АҚШ долларын құрайды.

Айта кетерлігі, Қазақстан жаһандық бидай нарығында маңызды рөл атқарады: USDA деректеріне сүйенсек, ҚР өндіріс көлемі бойынша әлемде 11-орында тұр және осы нарықтың шамамен 2,3%-ын құрайды. Қазақстанның үлес салмағы Ресейді есепке алмағанда, Орталық Азияның өзге елдері мен ЕАЭО мемлекеттерінің жиынтық үлесінен айтарлықтай асып түседі.
Жалпы алғанда, әлемдік бидай өндірісі нарығының 65%-ын бес ел немесе аймақ құрайды:
• Еуропа одағы — нарықтың 17,2%-ы;
• Қытай — 16,6%;
• Үндістан — 14%;
• Ресей — 10,7%;
• АҚШ — 6,4%.
Осылайша, Қазақстан әлемдегі негізгі бидай өндірушілердің қатарына кіреді және ауқымды шикізат қорына ие. Осы орайда астықты терең өңдеу бағытын өркендету сала дамуының жаңа кезеңіне айналып отыр: яғни бұл жерде тек өндіріс пен астық экспортының көлемін арттырып қана қоймай, ел ішінде қосылған құны жоғары өнім шығару жайлы сөз болып отыр. Жаңа өңдеу жобаларын іске асыру отандық аграрийлер үшін өнім өткізу нарығын кеңейтіп, бір мезгілде экспорттық әлеуетті еселеуге, сондай-ақ ел экономикасына АӨК-тің қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
11180
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
8564
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
7883
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
7709
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
7650
Қазақстан темір кенін өндіруден үздік 10 елдің қатарында
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 2022 жылы дүние жүзінде шамамен 2,8 млрд тонна металл өндірілген. Қомақты көлем темір кеніне тиесілі: Читать далее...
7 марта 2024
7636
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
7461
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
7342
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
7224
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
7183
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
7156
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
7121
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
7007
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
7002
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6836