Өнеркәсіптік қалалардағы ауаның ластану деңгейі бес жыл бұрынғыдай жоғары
27 апреля 2023
281
Өнеркәсіптік қалалардағы ауаның ластану деңгейі бес жыл бұрынғыдай жоғары
2022 жылы Қазақстан ауасы ең ластанған 50 елдің қатарына енді. Швейцариялық IQAir компаниясының ауа сапасы жөніндегі есебінде еліміз 131 елдің ішінде 40-орында. Соңғы деректерге сәйкес, былтыр Қазақстанда PM2.5 (2,5 микроннан аз шаң және ластаушы заттар) орташа жылдық концентрациясы куб метріне 23 микрограммды құрады. Бұл ДДҰ нормасынан 3-5 есе көп. Зерттеу авторлары талдау үшін PM2.5 индикаторын пайдаланады, өйткені үлкенірек бөлшектерден айырмашылығы, ұсақ шаң адам ағзасының биологиялық кедергілеріне оңай еніп, өкпені ғана емес, сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесін де зақымдайды.
2021 жылмен салыстырғанда IQAir сарапшылары басшылыққа алған қазақстандық қалалардағы PM2.5 концентрациясы көрсеткіштері жақсарды, бірақ бұл әлі оптимизмге негіз бермейді. Өйткені, көрсеткіш «өте нашар» санатынан «нашар» санатына көтерілді. 2021 жылы Қазақстан атмосфералық ауаның ластануы нормадан 5–7 есе жоғары елдер қатарына жатқызылды (көрсеткіш 31,1). Алайда дәл осындай жағдай 2018 жылы байқалды, РМ2.5 концентрациясы 29,8 деңгейінде болды.
IQAir халықаралық компаниясының рейтингі Қазақстанды ластануы бойынша көршілерімен және ЕАЭО-дағы серіктестерімен салыстыруға болады. Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения елдерінде ауа сапасы біздегіден де нашар екені белгілі болды. Түрікменстан рейтингтің 44-орнында және ҚР-мен бір деңгейде. Бірақ Ресейде жағдай әлдеқайда жақсы. Ресейдегі ластану деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда екі есе төмен.
Салыстыру үшін дамыған елдердің көрсеткіштерін де ұсынып отырмыз. Былтыр АҚШ, Жапония, Ұлыбритания қалаларында ауадағы ұсақ шаңның орташа жылдық концентрациясы 8,9–10 микрограмм диапазонында болды. Айырмашылық анық: көрсеткіштер Қазақстаннан 2–2,5 есе төмен.
Қазақстан 2018 жылдан бері көрсеткіштерін жақсартқанымен, аутсайдерлердің қатарында қалып отыр. Соңғы жылдары ҚР-да экология саласында бірнеше түбегейлі өзгерістер болды: жаңартылған экологиялық кодекс қабылданды, оған сәйкес ластаушы тек төлеп қана қоймайды, сонымен қатар түзетеді, «Жасыл Қазақстан» жобасы әзірленді, т. б. Іс-шаралар жоспары 485 тармақтан тұратын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭТРМ) жұмысы туралы көлемді материал жазуға болады. Бірақ біз атқарылып жатқан немесе атқарылған істер туралы есеп берудің орнына, бұл жұмыстың нәтижесі қандай екенін анықтауды жөн көрдік. Шынында да, халықтың денсаулығын сақтау мәселесінде процестің өзі емес, мақсатқа жету маңыздырақ.
Бірақ нәтижелер, шын мәнінде, оптимистік емес. ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мәліметінше, былтыр қоршаған ортаға шығарындылардың жалпы көлемі 4,2 млн тоннаны құрады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2022 жылы зерттелген 69 елді мекеннің (мегаполистер, ірі және орта қалалар, ірі елді мекендер) тек үштен бірі ғана ластану деңгейі төмен санатқа жатады. Жартысына жуығы — 30 елді мекенде ауаның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары. Олардың қатарында Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Теміртау, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және т. б. бар.
2017 жылы ең лас санатқа жеті қала мен ауыл кірді (одан кейін мониторинг 49 елді мекенде жүргізілді): Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Глубокое ауылы (ШҚО), Қаратау. Осылайша, осы бес жыл ішінде Өскемен, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған тұрғындары үшін жақсы жаққа өзгерген ештеңе жоқ. Шымкент пен Глубокое ластану деңгейі көтеріңкі санатқа көшті, ал Қаратау елді мекендердің «жасыл» тізіміне енді.
Енді біз ауаның экологиялық жағдайы жағынан деградацияға ұшыраған қалаларды қарастырамыз. Алматы, Астана, Семей, Риддер, Ақтау, Атырау, Петропавл, Орал, Қостанай, Балқаш, Ақтөбе ластануы көтерілген немесе төмен санаттан ең лас санатқа көшті.
«Қазгидрометтің» 2022 жылға арналған есебінде Алматы үшін негізгі ластаушы заттар өте ұсақ шаң PM2.5, күкірт диоксиді және көміртегі тотығы екені айтылған. Елордалықтарда шаңнан басқа ингаляциялық қоспаның коктейліне азот оксиді, күкіртті сутек, фторид сутегі және күкірт диоксиді кірді. Теміртауда тұратындар үшін бұл тізім одан да ұзақ: жоғарыда аталғандардың барлығына аммиак пен фенол қосылды.
Қазақстанда салыстырмалы түрде таза ауа атмосфераға көп мөлшерде шығарындылары бар ірі өнеркәсіп орындары жоқ шағын қалаларда байқалады. Бұл Түркістан, Алтай, Көкшетау, Талғар. «Жасыл» қалалар тізіміне Екібастұз, Рудный, Ақсу, Кентау да кіреді.
Сонымен қатар «Қазгидромет» экологтары жоғары және өте жоғары ластану жағдайлары туралы статистиканы бөліп көрсетеді. Былтыр осындай 733 жағдай орын алған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 32,6% аз. Мұндай төтенше экологиялық жағдайлардың географиясы да аздап өзгерді. Бес жыл бұрын ауаның ластануы туралы ақпарат көбіне Өскемен мен Атыраудан келетін. 2022 жылы Қарағанды ауадағы шаңның мөлшері ШРК нормаларынан 10–37 есе асып түсетін анти-көшбасшылар қатарында болды. Барлық жағдайлар жылыту маусымында орын алған. ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің есебінде мұндай жоғары ластанудың себебі пешпен жылытылатын жеке сектор екені айтылған. Мүмкін болатын шешім, комитет мамандарының пікірінше, тұрғын үй секторын газға көшіру. Орталық Қазақстанда газ құбырлары қандай жылдамдықпен салынып жатқаны және Қарағанды облысын түпкілікті газбен қамтамасыз ету үшін қандай қиындықтарды еңсеру керектігі туралы осында жазғанбыз.
Қазгидромет ұсынған мониторинг нәтижелері соңғы бес жылда Қазақстанның барлық ірі қалаларының ішінде тек Шымкентте ғана экологиялық жағдайдың жақсарғанын анық көрсетіп отыр. Басқа облыс орталықтары мен мегаполистерде ауа сапасы тұрақты түрде төмен деңгейде сақталды немесе нашарлады, бұл өңірлердегі қабылданған экологиялық бағдарламалардың тиімсіз жұмысын көрсетеді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6822
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6539
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6456
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6391
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6256