Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған тікелей ағымдағы шығыстар рекордтық 246 миллиард теңгені құрады

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған тікелей ағымдағы шығыстар рекордтық 246 миллиард теңгені құрады

 

2021 жылы қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар көлемі 417 млрд тг құрады — 2020 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 8,6%-ға артық және 2019 жылы шығындардың рекордтық көлемінен 0,8%-ға ғана аз.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын барлық шығындардың жартысынан астамы Атырау (76,8 млрд тг), Ақтөбе (59,3 млрд тг), Жамбыл (58,8 млрд тг) және Шығыс Қазақстан (40,1 млрд тг) облыстарына тиесілі болды. Қарағанды облысында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар тек 36,8 млрд тг құрады. Естеріңізге сала кетейік: inbusiness.kz хабарлауы бойынша 2021 жылғы ақпанда жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Арселор Миттал Теміртау» АҚ конверторлық цехында ластаушы заттардың авариялық жаппай шығарылуынан экологияға келтірілген залал шамамен 1 млрд тг құрады.

Сонымен бірге, 2021 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың көлемі, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-шараларды жүргізуге, технологиялық процестер мен өндірістердің ағымдағы жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ластаушы заттардың алдын алу, азайту, тазарту және жою мақсатында әзірленген және жұмыс істейтін машиналар мен жабдықтарды ұстауға және пайдалануға жұмсалған шығыстары рекордтық 245,8 млрд тг жетті — 2020 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға артық.

 

 

Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың 90%-дан астамы өнеркәсіп саласына тиесілі болды: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (129,3 млрд тг), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау және ауа баптау (121,9 млрд тг), өңдеу өнеркәсібі (107,8 млрд тг), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою (17 млрд тг).

Одан кейін мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру (19,4 млрд тг), құрылыс (9 млрд тг), көлік және қоймалау (5 млрд тг) салалары.

 

 

Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бөлінісінде қоршаған ортаны қорғауға арналған ең көп шығындар сарқынды суларды тазартуға тиесілі болды: 94,2 млрд тг — 2020 жылмен салыстырғанда бірден 40,6%-ға артық.

Одан кейінгі орында қалдықтармен жұмыс істеу (90,9 млрд тг), атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеру проблемалары (82,5 млрд тг), сондай-ақ топырақты, жерасты және жерүсті суларын қорғау және оңалту (26,8 млрд тг).

 

 

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындарды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалуда: 2021 жылы 317,7 млрд тг — 2020 жылмен салыстырғанда 12,9%-ға артық.

Республикалық бюджетке 6,7 млрд тг, жергілікті бюджеттерге — 16,2 млрд тг тиесілі.