Елімізде жыл сайын орташа есеппен 500 мыңдай тұяқты жануар, терісі бағалы аң мен құс ауланады
3 октября 2022
67
Елімізде жыл сайын орташа есеппен 500 мыңдай тұяқты жануар, терісі бағалы аң мен құс ауланады
Жануарлар дүниесін қорғау — кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. 2021 жылдың аяғында Қазақстанда жалпы ауданы 27,5 млн гектарды құрайтын 120 табиғатты қорғау мекемесі жұмыс істейді.
Жануарлар дүниесін қорғауға басқалармен қатар аңшылық шаруашылығының дамуы әсер етеді. ҚР аңшылық шаруашылықтарына бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы ауданы 2021 жылы 100,1 млн га құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,1% аз. Шаруашылықішілік аңшылық шаруашылығымен қамтылған аңшылық алқаптардың ауданы 2021 жылы 73,9 млн га немесе жалпы алаңның 73,8% (2020 жылы 69,5%) құрады. Жалпы, 2016–2020 жылдары тұяқты жануарлар, терісі бағалы аңдар мен құстарының аулануы 475–546 мың басты құрап отыр.
2022 жылғы қыркүйекте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Ашық НҚА» веб-сайтында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аңшылық шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша талқылау үшін Нормативтік саясат жөніндегі консультативтік құжатты орналастырды.
Құжат авторлары жануарлар дүниесін қорғаудың ең сенімді жолы тиімді аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру деген пікірді алға тартады. Мысал ретінде Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа мемлекеттерінің, сондай-ақ бірқатар Африка елдерінің тәжірибесі келтірілген.
Бұл ретте отандық мамандар мен кәсіби қауым айтылған ұсыныстарды сынға алды. Мәселен, «Қансонар» аңшылар және аңшылық шаруашылық субъектілерінің республикалық қауымдастығында олар аталған ұсыныстарды негіздеуді де, бұл ұсыныстарды қабылдауды да дұрыс емес деп санайды. Қауымдастық әзірлеушілер Солтүстік Америка, Орталық Еуропа және Африка елдерінің аңшылық шаруашылықтарының мифологиялық жетістіктерін мысал етіп, оларды жануарлар әлемін қорғау мен ұтымды пайдаланудың негізі деп санайтынын атап өтеді. Алайда, егер бұл жетістіктерді тереңірек қарастырып, олардың себептерін талдасақ, мысалы, Солтүстік Америка елдерінде, атап айтқанда, АҚШ-та аңшылық жануарлар санының өсуі табиғаты қорғау қорларына мониторинг, көбейту, жасанды көбейту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына мемлекеттік және жеке меншік инвестицияның көп салынуымен байланысты. Ал бұндай жұмыстар Қазақстанда жүргізілмейді.
Сонымен бірге АҚШ-та жануарлардың, әсіресе тұяқты жануарлардың санының күрт өсуі зооноздық инфекцияның ошақтарының пайда болу проблемасына әкес соқты. Бұл тұяқты жануарлардың, соның ішінде америкалық бұғылардың интродукциясы кезінде өзге елдерге тарау қаупін тудырады.
Ғасырлар бойы жануарлар санын жасанды өсіру арқылы көбейткен Батыс Еуропа елдерінде аңшылар қауымы аңшылықтың этикалық нормаларының жоғалуына наразы және қолда өсірілген жануарларды жабайыландыруға көбірек ақша бөлуді талап етеді. Жасанды ландшафттарда әр түрлі жануаорлардың бірге өсірілуі мен тығыз шоғырлануы эпизоотиялардың таралуына, соның ішінде африкалық шошқа обасы, қоянның түрлі аурулары секілді аурулардың таралу қаупін күшейтеді.
Сонымен қатар, аңшылыққа рұқсат беру туралы заң жобасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жануарлар дүниесін сақтау бөлігінде мемлекеттік жоспарлаудың бүкіл жүйесіне қайшы келетінін айта кеткен жөн. Мәселен, қазір елімізде жақында, 2021 жылы қабылданған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жұмыс істеп жатыр. Жоба 2025 жылға дейін жоспарланған. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен ихтиофаунаның санын көбейту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, жасыл желектердің аумағын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне құрметпен қарау қалыптастыру, сондай-ақ, биологиялық әртүрлілікті сақтау, халықтың экологиялық санасын жаңғырту. Яғни, қазіргі жағдай аң аулауға рұқсат беретін жаңа заң жобасына толығымен қайшы.
Бұл ретте жобаны жүзеге асыруға бұрын-соңды болмаған бюджеттік қаражат қарастырылған. Тек 2021 жылдың өзінде 91,3 млрд теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты 27,6 млрд теңгені, жергілікті бюджет қаражаты 15,2 млрд теңгені құрады. Алайда, 2021 жылға арналған қаражаттың орындалуы небәрі 80,9%-ды құрады, бұл жұмыстың тиімсіздігін көрсетеді. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. А. Брекешев, кураторы — ҚР премьер-министрінің орынбасары Р. В. Скляр.
Бұл ретте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс істейді, оның бірі № 256 «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды басқару» бюджеттік бағдарламасы.
Бағдарлама аясында тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын көбейту күтілуде.
• Ақбөкен: 2022 жылы — 15,2%, 2023 жылы — 15,3%, 2024 жылы — 15,4% көбейту.
• Тоғай маралы: 2022 жылы — 0,73%, 2023 жылы — 0,74%, 2024 жылы — 0,75% көбейту.
• Құлан: 2022 жылы — 0,92%, 2023 жылы — 0,93%, 2024 жылы — 0,94% көбейту.
• Қарақұйрық: 2022 жылы — 0,61%, 2023 жылы — 0,62%, 2024 жылы — 0,63% көбейту.
• Арқар: 2022 жылы — 1,42%, 2023 жылы — 1,43%, 2024 жылы — 1,44% көбейту.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау да қарастырылған. Осы мақсаттарға 2021–2024 жылдар аралығында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жалпы сомасы 88,5 млрд теңге жұмсауды көздеп отыр.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6830
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6735
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6544
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6395
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6371
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6318
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6264
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6258