Қазақстанда білікті техниктер тапшы. Ел бизнесі бұл мәселені қалай шешеді?
22 октября 2024
36
2030 жылға қарай Қазақстанға миллионға жуық кәсіби техникалық мамандар қажет болады
Жаһандық бәсекелестік және ғылым мен технологияның артып келе жатқан маңыздылығы экономиканың барлық секторында STEM-мамандарға деген қажеттілікті айтарлықтай арттырады (ағылш. science, technology, engineering and mathematics — жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия және математика, техникалық бағыттар үшін жалпылама термин). АҚШ Ұлттық ғылым қорының деректері бойынша 2026 жылға қарай ғылым мен инженерия саласында кадрларға деген қажеттілік 13%-ға, ал жалпы жұмыс күші тек 7%-ға артады. Осыған ұқсас тенденция, яғни, техниктерге деген қажеттіліктің артуы бүкіл әлемде байқалады. Сонымен қатар, Citi Ventures тобының зерттеуі STEM-білімді және STEM-кадрларды дамытуды қолдайтын фирмалардың өз командаларын нығайтып, инновациялық және жауапты брендтердің беделін дамытып жатқанын көрсетті, бұл өз кезегінде, инвесторлар мен клиенттер арасында сұранысты арттырады және бизнес құнына тікелей әсер етеді.
Қазақстандағы бизнес адами капиталды және STEM-кадрларды дамытуға үлкен сұраныстың барын түсінеді. Мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есептеулері бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанға миллионға жуық кәсіби техникалық мамандар қажет болады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда техниктерге деген қажеттілік мәселесін әр қырынан қарайды. Нәтижесі жоқ емес. Мысалы, жоғары техникалық білім беру көрсеткіштері өте жақсы. Мәселен, 2023/2024 оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандықтары бойынша 97,7 мың студент (жылына 4,6% қосылды), ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты мамандықтар бойынша 56 мың студент (12,1% қосылды), жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласы мамандықтары бойынша 26,3 мың студент (13,1% қосылды) оқыды. Осы үш бағытта білім алушылардың үлесі студенттердің жалпы санының 30,4%-ын құрайды, бір жыл бұрын 28,8% болатын. Осы бағыттар бойынша 39,4 мың маман білім алып шығады деп күтілуде.
Тағы бір айта кететін жәйт, өзге елдерден келіп жұмыс істейтін техниктер де бар. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға техникалық мамандығы бар 15 жастан асқан 3,4 мың мигрант келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда, бірден 76,4%-ға артық. Сонымен бірге Қазақстаннан 2,3 мың техник маманы қоныс аударды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда, 46%-ға аз. Яғни, өткен жылдармен салыстырғанда, кеткендерден гөрі келіп жатқан техниктер әлдеқайда көп, көші-қон ағыны өсуде.
Қазақстандық компаниялардың осы заман талабына қалай жауап беретіні туралы көптеген жағымды мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Еуразиялық топ (Eurasian Resources Group, ERG) ERG кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Павлодар және Қостанай облыстарының 24 техникалық және кәсіби білім беретін мекемелерімен, сондай-ақ үш университетпен және халықаралық ұйымдармен («Бір белдеу, бір жол» альянсы, ҚХР, және «Париж Академиясы», Франция) серіктестік орната отырып, Колледждер альянсын құрды. Сонымен қатар, топ орта білім беруді дамытуға, инженерлік-техникалық мамандықтар мен цифрлық технологияларды танымал етуге бағытталған ERG mektepke жобасын төртінші жыл қатарынан жүргізіп келеді. ERG STEM Girls жобасын, болашақ ғалымдарды, инженерлерді және инноваторларды дайындайтын қыздар мектебін ерекше атап өткен жөн, себебі әйелдерді STEM-ге қатыстыру адами капиталды дамытудың негізгі факторларының бірі болып қала береді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10487
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6775
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6722
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6501
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6451
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6441
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6385
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6376
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6363
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6352
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6334
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6313
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6271
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6259
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6251