Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға, қаза тапқандар саны 15%-ға азайды
29 сентября 2026
26
Биыл Қазақстан жолдарындағы апат жағдайы айтарлықтай азайды. ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) деректері бойынша 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында елде 21,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді — бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда шамамен 5%-ға аз. Қаза тапқандар саны да едәуір қысқарды: 15%-ға, яғни, 1 446 адамнан 1 230 адамға дейін азайды. Жарақат алғандар саны да 6%-ға төмендеді.
Оң динамика Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде байқалады. 20 өңірдің 17-сінде жол-көлік оқиғаларының саны, 16-сында қаза тапқандар саны азайған. Апаттар саны Ұлытау (41,1%-ға), Абай (33,3%-ға) және Маңғыстау (20,1%-ға) облыстарында айтарлықтай қысқарды. Ал қаза тапқандар саны Шығыс Қазақстан (37,8%-ға), Алматы (31,1%-ға) және Атырау (27,1%-ға) облыстарында көбірек азайды.
Бүгінде Қазақстанда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек полицияның міндеті ретінде қарастырылмайды. Бұл бағыттағы негізгі міндеттерді Президент 2024 жылғы Жолдауында белгілеген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, әкімдіктерге және ҚР ІІМ-ге жол инфрақұрылымын жақсартуға, интеллектуалды жүйелерді енгізуге, автокөліктердің техникалық жағдайын бақылауға және жүргізушілерді даярлау сапасын арттыруға баса мән бере отырып, неғұрлым батыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Бүгінде статистика көрсеткендей, бұл міндеттер үкімет тарапынан орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ басқа да бейінді құрылымдардың қатысуымен жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Қазір орташа жылдамдық бақыланады, автомектептерге мемлекеттік бақылау қайта енгізілді, жол ережесін бұзуды автоматты тіркеу кеңейтіліп, ақпарат алмасу цифрландырылуда.

Қабылданып жатқан шаралар
Негізгі бағыттардың бірі — жолдағы бақылауды цифрландыру. ҚР ІІМ қазірдің өзінде көлікті қауіпті жүргізетін және шаршаған жүргізушілерді, сондай-ақ ұрланған автокөліктерді анықтауға мүмкіндік беретін «ТОР» цифрлық платформасын пайдаланады. «Қорғау» мобильді қосымшасы іздеудегі автокөліктерді, жалған нөмір тағылған машиналарды және жол ережесін өрескел әрі бірнеше рет бұзған жүргізушілерді анықтауға көмектеседі. Жол ережесін бұзуды автоматты тіркейтін кешендер саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін көбейді.
Тасжолдардағы бақылау да күшейтіліп келеді. Қазір орташа жылдамдық 12 учаскеде бақыланады, жыл соңына дейін тағы 16 учаскені қамту жоспарланған. Бақылау үшін 372 дрон және жасырын патруль жүргізетін 80 автокөлік пайдаланылады. Сонымен қатар жолдарда түнде және қолайсыз ауа райында қозғалыс бағытын көрсетуге көмектесетін 56 лазерлік құрылғы жұмыс істейді; жыл соңына дейін тағы 48 осындай құрылғы орнату жоспарланып отыр.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Елде жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілердің әрекетін тіркейтін 126 «ақылды жаяу жүргінші» кешені жұмыс істейді. ҚР ІІМ деректері бойынша мұндай кешендер орнатылған учаскелерде жаяу жүргіншілерді қағу оқиғалары тіркелмеген. Әзірге бұл жүйелер елдің 20 өңірінің 7-еуінде ғана бар: Астанада — 38, Алматыда — 34, Қарағанды облысында — 22, Қызылорда облысында — 19, Жамбыл облысында — 6, Алматы облысында — 4, Солтүстік Қазақстан облысында — 3.
Маңызды мәселенің бірі — жол апаттарын азайту тек жүргізушілердің тәртібі мен жол ережесін сақтауға ғана емес, жол инфрақұрылымының жағдайына да байланысты. ҚР ІІМ анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 26,6 мың нұсқама шығарды. Полицияның шара қолдануынан кейін 1 мың шақырым қоршау, 500 бағдаршам, 11 мың жол белгісі және реттелетін 259 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Дегенмен әлі де 3 мың шақырым қоршау, 500 бағдаршам, 38 мың жол белгісі, реттелетін 700 жаяу жүргіншілер өткелі және 15 мың шақырым жолға жарықтандыру қажет.
Қала сыртындағы тасжолдардың сапасы да ерекше маңызға ие. Жол апаттарынан қаза тапқандардың 45%-ы республикалық маңызы бар жолдарда тіркелген. Апат қаупі жоғары бағыттардың қатарында Алматы — Ташкент, Алматы — Бішкек, Шымкент — Самара, Алматы — Көкпек — Көктал, Ақтөбе — Атырау және Алматы — Өскемен тасжолдары бар. Мысалы, Қарағанды — Алматы тасжолы жол инфрақұрылымын жақсартудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді: жол тиісті деңгейге келтірілгеннен кейін ондағы өлім-жітім 47%-ға азайған. ҚР ІІМ бағалауынша, елге осындай деңгейдегі тағы шамамен 6 мың шақырым жол қажет.
Елді мекендерде де жұмыс жалғасуда: 700 өткелге бағдаршам, 100 мың метр жаяу жүргіншілер қоршауы, 15 мың шақырым жолға жарықтандыру және 60 мың шақырым жолға тротуар жетіспейтіні анықталған. Мектептердің маңында да бірқатар шара қолға алынған: 258 жаяу жүргіншілер өткелі, 1 429 жасанды жол кедергісі, 4 854 жол белгісі және 1 897 жарықтандыру бағаны орнатылды. Сонымен қатар оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша практикалық сабақтар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық салыстыру
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстан бойынша салыстыруға болатын соңғы деректері 2023 жылға тиесілі (сол кездегі есебінде ұйым 2021 жылдың деректерін пайдаланған). ДДҰ Қазақстан жолдарындағы ЖКО-дан болатын өлім-жітімді 100 мың адамға шаққанда 12,2 деп бағалаған. Бұл — бірқатар түзетулер мен есептеулер ескерілген бірыңғай халықаралық әдістеме бойынша шығарылған ДДҰ-ның бағалау көрсеткіші, сондықтан ол Қазақстанның ресми деректерінен біршама ерекшеленеді. Мұндай тәсіл ДДҰ-ға ұлттық есеп жүргізу жүйелері әртүрлі елдердің көрсеткіштерін барынша дұрыс салыстыруға мүмкіндік береді.
ДДҰ-ның салыстыруға болатын деректері бар ЕАЭО мен Орталық Азияның жеті мемлекетінің ішінде Қазақстан жол қауіпсіздігі деңгейі бойынша орта тұста болды: өлім-жітім деңгейі Беларусьте (100 мың адамға шаққанда 7,4), Өзбекстанда (9,3) және Ресейде (10,6) төмен болса, Қырғызстанда (13,3), Арменияда (13,6) және Тәжікстанда (13,9) жоғары болды. Түркіменстан бойынша деректер болған жоқ — бұл елде көптеген көрсеткіштер бойынша ресми статистика ұсынылмайды.
Қазақстанның ұлттық статистикасы соңғы жылдары жағдайдың жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, 2025 жылы ЖКО-дан болатын өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 11,4 болды, бұл — пандемия салдарынан қозғалыс едәуір шектелген «коронадағдарыс» кезеңіндегі 2020 жылды есептемегенде, соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткіш. Қазір осы оң үрдісті сақтау — Қазақстанның мемлекеттік органдары үшін басым міндеттердің бірі.
Қауіпсіздік — бірлескен жұмыс
Жол қауіпсіздігі әртүрлі ведомстволардың үйлесімді жұмысына тікелей байланысты. Мәселен, қысқы кезеңде «„ҚазАвтоЖол“ ҰК» АҚ, ҚР Көлік министрлігі, ҚР ІІМ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазгидромет» РМК және басқа да ұйымдар қатысатын ведомствоаралық жұмыс тәртібі қолданылады.
Бұл жұмыстың негізінде қауіптің алдын алу қағидаты жатыр. «Қазгидромет» РМК ауа райының болжамды нашарлауы туралы алдын ала хабарлайды. Қолайсыз ауа райы күтілген жағдайда қозғалысты шектеу туралы шешім күрделі жағдай басталғанға дейін шамамен үш-төрт сағат бұрын қабылданады. Одан кейін ақпарат жүргізушілерге барынша жедел жеткізілуі тиіс — 1403 байланыс орталығы, Яндекс Карталар, inDrive, 2ГИС, БАҚ және ресми ақпараттық ресурстар арқылы хабарлануы керек.
Осылайша, жол қауіпсіздігі жолдардың жағдайын, қозғалысты бақылауды, цифрлық технологияларды, жүргізушілерді даярлауды, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын және халықты уақтылы ақпараттандыруды қамтитын кешенді жұмыс арқылы қамтамасыз етіледі. ЖКО санының, әсіресе қаза тапқандар санының азаюы оң динамиканы көрсетеді. Ендігі міндет — тиімділігін көрсеткен шешімдерді негізгі жолдарға енгізу, нәтижелі тетіктерді өңірлерде кеңінен қолдану және жол инфрақұрылымындағы әлі де бар кемшіліктерді жою.

Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
11175
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
8559
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
7875
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
7700
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
7645
Қазақстан темір кенін өндіруден үздік 10 елдің қатарында
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 2022 жылы дүние жүзінде шамамен 2,8 млрд тонна металл өндірілген. Қомақты көлем темір кеніне тиесілі: Читать далее...
7 марта 2024
7625
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
7456
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
7332
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
7219
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
7176
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
7147
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
7117
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
7002
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6995
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6832