Құрылыс, сату және цифрландыру: Қазақстандағы тұрғын үй саласы қалай өзгеріп жатыр?
16 июля 2025
1354

Қазақстандағы тұрғын үй нарығы белсенді кезеңде тұр. Биылғы жылдың мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату жөнінде шамамен 34 мың мәміле тіркелген, бұл өткен жылға қарағанда 9,4%-ға көп. Ал жыл басынан, яғни, қаңтар–мамыр аралығында жасалған мәмілелер саны 158,5 мыңға жетті, бұл 2024 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, 5%-ға артық.
Осы жылдың қаңтар–мамыр айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 6 млн шаршы метрді құрады, бұл өткен жылға қарағанда 5,7%-ға көп. Ал 2024 жылы көрсеткіш рекордтық деңгейге жетіп, 19 млн шаршы метрге дейін өсті, бұл алдыңғы жылға қарағанда 8,1%-ға артық.
Мұндай динамика — көңіл қуантатын жайт, өйткені қазақстандықтардың баспанаға деген мұқтаждығын үнемі жазамыз. Мынадай фактіні естеріңізге сала кетейік, елімізде бес және одан да көп жандардан тұратын отбасылардың 5%-ы бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр.
Тұрғын үй саласындағы тағы бір жағымды жаңалық — «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» құрылуы. Бұл жаңа бастаманың аясында Қазақстанда тұрғын үйді бөлу бойынша өкілеттіктер әкімдіктерден Отбасы банкіне берілді. Мұндай қадам жұмыс барысын жеңілдетіп, саланың ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін жүйе тұрғын үйді орталықтандырылған түрде бақылауға, тіркеуге және бөлуге жағдай жасайды. Бұл шешім бұған дейін азаматтар тарапынан жиі айтылатын әділетсіз бөлініс мәселесін жоюға бағытталған. 2025 жылдың 24 мамырынан бастап барлық жұмыс бірегей ақпараттық жүйе арқылы жүргізіліп жатыр, бұл өз кезегінде әділеттілікті қамтамасыз етеді әрі ыңғайлы.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі orken.otbasybank.kz порталында берілген. Оның көмегімен тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұруға болады. Мұны соңғы 5 жылда өзінде де, отбасында да меншігінде баспанасы болмаған кәмелетке толған азаматтар жасай алады.
Маңызды жайтты айта кетейік, өтініш беру үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек, себебі 1414-тен растау коды көрсетілген SMS жіберіледі (оны eGov mobile немесе eGov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-мен онлайн тіркеуге болады). Отбасы банкі 14 мемлекеттік деректер базаларымен жұмыс істейді, ал өтініш беруші мен оның отбасы туралы мәліметтерге қол жеткізу қолайлы қолдау шараларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 600 мыңнан астам адам* тұр. Мемлекеттік қолдау шаралары ең алдымен, жүйе Отбасы банкіне берілгенге дейін кезекке тұрған азаматтарға көрсетіледі. Әлеуметтік тұрғын үйдің 70%-ы жыл сайын басымдық берілген санаттар арасында бөлінеді: ардагерлер, жесір қалған жандар, көпбалалы отбасылар және басқа да жандар. Қалған 30% тұрғын үй мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери қызметкерлер, қандастар және науқас жандар арасында бөлінеді. Тұрғын үй кезекке тұру ретіне қарай беріледі: кім бұрын тіркелсе, сол бірінші алады.
Қосымша маңызды мәліметтер ақпараттық кестеде көрсетілген.
* тек ескі кезекте (kezekte.kz), 24 мамырдан бастап тағы 273 мың адам есепке тұрды (11.07.2025 жылғы жағдай бойынша)

Айта кетерлігі, Отбасы банкінің «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» іске қосудағы негізгі мақсаты мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету жұмыстарының толық ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ «бір терезе» аясында ыңғайлы құрал жасау болып табылады. Бұл Қазақстандағы осындай алғашқы бастама емес, мұндай ыңғайлы цифрлық шешімдер жеке және заңды тұлғалар үшін ғана емес, қазақстандықтар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ халықаралық қауымдастық тарапынан да мойындалып отыр.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан онлайн-қызметтерді дамыту индексі бойынша БҰҰ рейтингісіндегі үздік 10 елдің қатарына кіреді. Индекс бес ішкі индексті қамтиды: институционалдық құрылым, қызметтердің қолжетімділігі, контент ұсыну, технологиялық компонент және электрондық қатысу.
Мәселен, институционалдық, яғни, мемлекеттік органдар мен билік институттары тарапынан ұйымдастырылған құрылым тұрғысынан Қазақстан үздік көрсеткіштерге, жоғарғы индекске ие: 1. Біздің еліміз осы санат бойынша бірінші орынды Жапония, АҚШ, Норвегия, Корея, Канада, Нидерланды сияқты және басқа да дамыған мемлекеттермен бөліседі. Салыстырайық, сектордағы орташа индекс — 0,8480, минималды — 0.
Тағы бір көрсеткіш — қызметтердің қолжетімділігі бойынша Қазақстан 0,9879 индексімен үшінші орында, ал әлемдік орташа мән бар болғаны — 0,5606.

Осылайша, кең әрі үнемі кеңейіп отыратын қолжетімді қызметтердің ауқымы және мемлекеттік институттар қамтамасыз ететін цифрлық инфрақұрылым Қазақстанның онлайн қызметтерді дамыту жағынан әлемдегі үздік он елдің қатарына кіруіне мүмкіндік берді, ал бұл өз кезегінде, елімізге Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша елдер рейтингісінде құрметті 24-інші орынды алуға жол ашты.
«Ақылды» сервистерді дамыту іс жүзінде қазақстандықтарға көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен жайлылығына ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әлемдегі беделін көтереді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10626
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
7791
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6900
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6866
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6824
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6674
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6641
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6607
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6545
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6517
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6461
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6428
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6393
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6327
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6318