ҚР-да орташа есеппен көкөніс бір жылда 6% қымбаттады

ҚР-да орташа есеппен көкөніс бір жылда 6% қымбаттады

 

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда қызылша (бір жылда 2,6 есе, 1,2 мың тоннаға дейін) және баялды (76,1%, 704,1 тоннаға дейін) сияқты көкөністердің импорты айтарлықтай өсті.

Ал бұрыш (70,5%, 3,4 мың тоннаға дейін), пияз (69,8%, 33,5 тоннаға дейін), қырыққабат (66,4%, 10,9 мың тоннаға дейін), картоп (44,2%, 1,5 мың тоннаға дейін), қызанақ (43,9%, 8,9 мың тоннаға дейін), сәбіз (41,4%, 2,4 мың тоннаға дейін), қияр (32,2%, 3,9 мың тоннаға дейін) және сарымсақ (21,5%, 797,6 тоннаға дейін) импорты азайды.

 

 

Бұл ретте Қазақстаннан картоп (бір жылда 85,2 есе, 59,5 мың тоннаға дейін), сәбіз (20,7 есе, 429,1 тоннаға дейін), пияз (5,1 есе, 55,2 мың тоннаға дейін), қызанақ (63,5%, 2 мың тоннаға дейін) және қияр (30,4%, 537,4 тоннаға дейін) экспорты артты.

Бұрыш пен қырыққабат экспорты, керісінше, төмендеді: тиісінше 32,1%, 258,5 тоннаға дейін және 66,5%, 133,9 тоннаға дейін. Сарымсақ экспорты 271 тоннаны құрады (бір жыл бұрын экспортталмаған).

Ескерту: биылғы екі айда көкөністердің негізгі түрлерінің ішінде қырыққабат (81,3 есе), бұрыш (13 есе), қияр (7,3 есе), қызанақ (4,5 есе), сәбіз (5,6 есе) және сарымсақ (2,9 есе) экспорты импортқа қарағанда бірнеше есе жоғары болды.

Ал экспорт импорттан көп болған көкөністер пияз (1,6 мың есе) және картоп (39,4 есе).

 

 

2023 жылдың наурыз айының соңында жаңа піскен көкөніс бағасы бірда 5,8% өсті.

Атап айтқанда, пияз (бір жылда 55,1%, килосы 182 теңгеге дейін), қияр (40,9%, килосы 1,1 мың теңгеге дейін), қызанақ (13,2%, 1,1 мың теңгеге дейін) бағасы күрт қымбаттады. Қызылша бағасы да өсті (2,9%, 264 теңгеге дейін). Картоп бағасы, керісінше, бір жылда 7,6% төмендеп, килосына 157 теңгені құрады. Сондай-ақ сәбіз (11,9%, килосы 153 теңгеге дейін) және ақ қырыққабат (бірден 51,1%, 118 теңгеге дейін) арзандады.

Өңірлер бойынша ең көп Алматы облысында қымбаттады: бірден 26,4%. Одан кейін Атырау (19,7%) және Түркістан (14,2%) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Абай облысында тіркелді: 1,5%.

20 өңірдің 9-да жаңа піскен көкөніс бағасы төмендеді. Ең көп арзандаған өңірлер Павлодар (7,6%), Ақтөбе (7,2%) және Жамбыл (5,1%) облыстары.

 

 

Алдағы екі жылда 135 мың тонна көкөніс сақтайтын қосымша қоймалар іске қосылады, деп хабарлайды Хабар24. Бұл елдің бар қажеттілігін жабады. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша осы және басқа да шараларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген.