Ауыл тұрғындары баяғыша қалалықтарға қарағанда үй өнімдерін көбірек дайындайды

Ауыл тұрғындары баяғыша қалалықтарға қарағанда үй өнімдерін көбірек дайындайды

 

Қазақстандық қала тұрғындары арасында қысқа дайындалу: тоқаш пісіру және ет консервілеу қайтадан танымал бола бастады. Бұл үрдісті қазақстандықтардың өздері өндіретін тұтыну тауарлары көлемінің өсуінен байқауға болады. Мәселен, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қазақстандықтар 231,3 млрд теңгеден астам соманың әртүрлі өнімін өндірген, оның ішінде 51,1 млрд теңгенің өнімі қалалықтарға тиесілі. Қала тұрғындары арасында ақшалай есептегенде өндірістің өсімі 9,4% құрады.

Өндірілген өнімнің құны мен құрылымы бойынша ауыл мен қала тұрғындарын салыстыру қиын — бұл топтардың жағдайлары мен экономикалық мүмкіндіктері де әртүрлі. Айта кетейік, былтыр ауыл тұрғындары 180,2 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,5% аз. Себептер экономикалық факторларда жатыр. Ауыл тұрғындарының мал басын ұстауға жұмсайтын шығыны көп, ал 2022 жылы ауыл тұрғындары шығынның осы бір бөлігін қысқартты, бұл өз кезегінде ет және сүт өнімдерін өндіру көлемінен байқалды.

Егжей-тегжейлі мәліметтер қала тұрғындары арасында тұрмыстық бұйымдар мен тоқыма бұйымдарының өндірісінің артуы бірінші, үшінші және төртінші тоқсанда орын алғанын көрсетеді. Өсім әсіресе жаз бен күздің аяғында, егін жинау маусымы келгенде байқалады. Былтыр қазан–желтоқсан айларында азаматтар 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 27,2% артық өнім өндірді.

 

 

Былтырғы төртінші тоқсанда үй өнімдері қоржынындағы құрылымға сәйкес, тұрғындар арасында тоқаш және басқа да ұннан жасалған тәттілер ең көп үлесті иеленді. Осы кезеңде қала тұрғындары қолдан жасалған «тәттілерді» 2021 жылғы қазан–желтоқсанмен салыстырғанда ақшалай есептегенде 36,4% көп пісірді. Былтыр соңғы үш айда өндірілген өнімнің жалпы көлемінің (7,3 млрд теңге) 4,6 млрд теңгесі нан өнімдері болды.

Үйде өндірілген өнімдер арасында екінші орынды көкөніс консервілері иеленді. 2022 жылдың соңғы үш айында қала тұрғындары 748,2 млн теңгеге банка лечо, маринадталған қияр мен қызанақ дайындады.

Бұл сома қалай есептелді? Үй шаруашылықтарының өндірістік қызметі туралы мәліметтерді іріктемелі зерттеулер кезінде ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мамандары жинайды. Еліміздің барлық аймақтарында 12 мыңға жуық отбасына сауалнама жүргізіліп, одан кейін жалпы халық саны бойынша статистикалық деректер есептеледі. Үй консервациясын есептеу үшін, респонденттердің айтуымен дайындалған өнімді есептеп, содан кейін оны осындай өнімдердің нарықтық құнына көбейтеді.

 

 

Қалалық үйлерде өндіретін өнімдердің ішінде қолдан жасалған шұжық және ет өнімдерін өндіру көлемі де (87,2%), жеміс-жидек консервілері (19,4%), тосап (46,6%) өсті.

Қаймақ және басқа да сүт өнімдерін өндіру 26,1%, сары май 52,4% өсті. Былтыр қаладағы жер үйде сиыр немесе ешкі ұстаған тұрғындар саны өсті деп болжауға болады.

Мәліметтерді өңірлер бойынша бөлгенде, 2022 жылдың төртінші тоқсанында үйдегі консервілейтін, сиыр сауатын және нан пісіретін қалалық тұрғындар Павлодар және Қарағанды облыстарында көп. Үшінші орында Қостанай облысының тұрғындары. Ал ең аз көрсеткіш Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында.