Автокөлік бір жылда 3% қымбаттады

Автокөлік бір жылда 3% қымбаттады

 

11,7 мың үй шаруашылығы қатысқан ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2022 жылдың аяғында респонденттердің 33,7%-да жеңіл автокөлік, 1,6%-да жүк көлігі, 1,1%-да мотоцикл, 0,8%-да скутер немесе мопед, 13,7%-да велосипед, 0,4%-да жегін көлік құралы бар.

Қалалық жерлерде респонденттердің 30,8%-да жеңіл автокөлік, 0,7%-да жүк көлігі, 0,2%-да мотоцикл, 0,5%-да скутер немесе мопед, 8,2%-да велосипед, 0,1%-да жегін көлік құралы бар. Бұл ретте, ауылдық жерлерде респонденттердің 39,5%-да жеңіл автокөлік, 3,4%-да жүк көлігі, 2,9%-да мотоцикл, 1,3%-да скутер немесе мопед, 24,9%-да велосипед, 1,2%-да жегін көлік құралы бар.

Қала халқы ауыл халқынан жеңіл автокөлікпен қамтылуда 8,7 п. т., жүк көліктерімен қамтылуда 2,7 п. т., мотоциклмен қамтылуда 2,7 п. т., скутер немесе мопедпен қамтылуда 0,8 п. т., велосипедпен қамтылуда 16,7 п. т., жегін көлік құралымен қамтылуда 1,1 п. т. төмен.

 

 

Салыстыру үшін: 2021 жылдың аяғында үй шаруашылықтарының 33,7%-да жеңіл автокөлік, 2,1%-да жүк көлігі, 1,3%-да мотоцикл, 1%-да скутер немесе мопед, 13,6%-да велосипед, 0,7%-да жегін көлік құралы болды.

Өңірлер бойынша 2022 жылдың аяғында автокөлікпен қамтылудың ең жоғары деңгейі Ақмола облысында (үй шаруашылықтарының 40,7%-ы), ал ең төменгісі Шымкентте (23,9%-ы) байқалды.

Жүк көлігімен қамтылудан көш басында Алматы облысы (шаруашылықтардың 5,6%-ы), ең төменде Абай облысы (0,5%-ы) болды.

Мотоциклмен қамтылудан Ақмола облысы (4,1%) көш бастап тұрса, Маңғыстау облысы (0,2%) артта қалды.

Скутер мен мопедтен ең алда Ақмола облысы (2,2%), ең нашар — Абай, Қызылорда және Түркістан облыстарында (әрқайсысы 0,3%).

Қостанай облысының шаруашылықтары велосипедпен жақсы қамтамасыз етілген (30%), ең нашары — Шымкент қаласы (2,3%).

Жегін көлік құралымен қамтылудан Алматы және Жетісу облыстары (әрқайсысы 1,8%) көш бастап тұрса, ең артта Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан (0,1%).

 

 

Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда автокөлік бір жылда 2,7%, мотоцикл — 15,7%, велосипед бірден 20,4% қымбаттады.

Көлік бағасының ең көп өсуі Жетісу облысында тіркелді: бір жылда 6,6%. Одан кейінгі орында Астана мен Атырау облысы: тиісінше 5% және 4,8%.

Мотоцикл бағасы Жетісу (34,9%), Атырау (33,3%) және Алматы (27%) облыстарында ең қатты өсті.

Велосипед ең қатты қымбаттаған өңір Алматы: 38%. Одан кейін Батыс Қазақстан (34,6%) және Шығыс Қазақстан (33,4%) облыстары.