ҚР-да тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 61 миллиард теңге
7 ноября 2023
34
Мемлекет коммуналды нысандарды жөндеуге қаржы іздеп жатқанда, жүйелі түрде қарызын төлемеушілер еліміздің коммуналдық саласының жұмысына нұқсан келтіруде
Қазақстандағы коммуналдық инфрақұрылымның тозуы бұрыннан келе жатқан және жүйелі мәселе. Биыл көктемде ҚР президенті еліміздегі жылу электр станцияларының жартысынан көбіне қауіп төніп тұрғанын, кейбір қалалардағы тозу деңгейі 80%-дан асқанын атап өткен болатын. Республика бойынша жылу желілерінің орташа тозуы шамамен 54%-ды құраса, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 80 қалада бұл көрсеткіш 75%-дан 92%-ға дейін.
Инвестиция тарту арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін елімізде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын бұған дейін жазғанбыз.
Сонымен бірге, мемлекеттің күш-жігері мен табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) мен оларды реттеуші органдардың іс-әрекеттерінен басқа, коммуналдық қызметтерді — энергия, жылу, сумен қамту және кәрізді тұтынушылардың қызмет ақысын уақытылы төлеуі де маңызды рөл атқаратынын түсіну қажет.
Бүгінгі таңда саладағы өте күрделі және шешімін таппаған мәселе — коммуналдық тұтынушылардың қарызының көптігі. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, үш айдан асатын тұтынушылық дебиторлық берешектің жалпы көлемі 61,2 млрд теңгені құрады, оның 15,7 млрд теңгесі — халықтың, 45,6 млрд теңгесі — кәсіпорындардың қарызы.
Соның ішінде жеке тұлғалардың орталықтандырылған жылумен қамту қызметіне қарызы 4,9 млрд теңге, газбен қамту қызметіне — 1,7 млрд теңге, электр энергиясына — 4 млрд теңге, сумен қамту қызметіне — 3 млрд теңге, кәрізге — 2 млрд теңге. Заңды тұлғалардың жылумен қамту қызметіне қарызы 13,4 млрд теңге, газбен қамту қызметіне — 12,5 млрд теңге, электр энергиясына — 14,3 млрд теңге, сумен қамту қызметіне — 3,6 млрд теңге, кәрізге — 1,7 млрд теңгеге жетті.
Салыстырмалы түрде айтсақ: Кентау жылу электр орталығын толықтай жаңғыртуға 14 млрд теңгеден сәл аз ғана қаржы қажет. Бұл сомаға жылу беру маусымының басына дейін 4 қазандық жөнделіп, 6 км жылу магистралі ауыстырылды, жаңа жылға дейін тағы 4 қазандық, келесі жылы 14 км жылу магистралі мен 80 км ішкі желілер жаңартылады және ауыстырылады. Осындай ауқымды жаңғырту үшін қарыздың 23%-дан азы қажет, яғни қарызды толық өтегенде осындай бес ЖЭО-ны ретке келтіріп, Кентау сияқты бес қаланы жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге болар еді және сонда да қаражат қалады.
Немесе, айталық, бұл қаражатқа 170 км жылу желілерін жөндеуге болатын еді, бұл үлкен көрсеткіш. Бұл жай ғана сан емес екенін ескерген жөн: коммуналдық сала кәсіпорындарының жоғалтқан қаражаты инженерлік инфрақұрылымның жұмысында тікелей көрініс табады. Бұл жасалмаған жөндеу жұмыстары, жаңартылмаған желі және қажетті жаңғыртудан өтпеген жабдықтар. Үлкен сомаларды ескере отырып, біз ұсақ, байқалмайтын кемшіліктер туралы емес, жүйелі мәселе туралы айтып отырмыз.
Қызмет ақысын төлемейтін тұтынушылардың кесірінен коммуналдық сектор зардап шегіп отыр. Оның үстіне мәселе жүйелі, ол биыл ғана туындаған жоқ және жылдарға созылып, өзектілігін сақтап отыр.
Инвестициялық қызметті уақтылы және толық жүзеге асыру тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді төлеудегі тәртібіне айтарлықтай байланысты.
Осы аралықта мемлекет пен ТМС өз тарапынан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша елдегі инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету және жұмысын жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жерде маңызды артықшылықты атап өткен жөн: 2023–2029 жылдарға арналған қазіргі бағдарламаның 2009–2015 жылдардағы кезеңінен айырмашылығы, ол тек электр энергиясын өндіру саласын ғана емес, сонымен қатар барлық коммуналдық қызметті қамтиды, оның ішінде жылумен, сумен қамту және кәріз бар.
Қазіргі таңда бағдарламаға 213 ТМС кіреді, оның 67-сі жылумен қамтуға, 45-і электрмен қамтуға, 51-і сумен қамтуға, 50-і су бұруға қатысты. Бұл кәсіпорындар үш санатқа бөлінеді: олардың 87-сі қызыл аймақта (тозу деңгейі 65%–70%-дан жоғары), 46-сы сары аймақта (тозу деңгейі 55%–65%) және 80-і жасыл аймақта (тозуы 55%-дан аз). 2029 жылдың соңына қарай бағдарламаның нәтижесінде қызыл аймақта бірде-бір кәсіпорын қалмауы керек, сары аймақта 63 және жасыл аймақта 150 ТМС болуы тиіс.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6826
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6734
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6542
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6392
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6370
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6317
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6263
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6257