Сонымен қатар, ҚР ИИДМ қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алуды ұсынады

Сонымен қатар, ҚР ИИДМ қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алуды ұсынады

 

Ағымдағы жылдың қаңтар–маусым айларында елімізде лигнитті (қоңыр көмір) және көмір концентратын қоса алғанда, 57,4 млн тонна тас көмір өндірілді — өткен жылға қарағанда 5,9%-ға артық. Ақшалай мәнде өндіру 271 млрд тг құрады.

Тікелей тас көмір 53 млн тонна, лигнит — 2,3 млн тонна, көмір концентраты — 2 млн тонна өндірілді.

Өңірлік бөліністе ең көп өндіру көлемі Павлодар облысына тиесілі: 33,9 млн тонна, жылына плюс 4,9%. Өндіру бойынша екінші орынды Қарағанды облысы алды: 18,4 млн тонна, плюс 2,3%.

Жалпы 2021 жылы көмір өндірісі 116,2 млн тоннаны құрады, плюс 2,5%.

 

 

Қаңтар–мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстан 344,2 млн АҚШ долл.сомасына 13,7 млн тонна көмір экспортқа жіберді. Өсім заттай 21,1%-ды, ақшалай мәнде — бір жылда бірден 91,5%-ды құрады.

Басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді: 9,1 млн тонна — өткен жылға қарағанда 0,7%-ға артық. Сектордағы қазақстандық өнімнің негізгі импорттаушысы — Ресей: 8,4 млн тонна, жылына плюс 15,3%. Көшбасшылар үштігіне Қырғызстан мен Беларусь кірді.

ТМД құрамына кірмейтін басқа елдерге 4,6 млн тонна көмір жіберілді — бұл өткен жылға қарағанда 2 есе көп. Мұнда ҚР-дан негізгі көмір импорттаушы — Швейцария: 3,3 млн тонна, жылына плюс 75%. Польша мен Кипр де көшбасшы үштікке кірді.

 

 

Қазақстандықтарға көмірді алдын ала сатып алу ұсынылады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ. Бүгінгі күні министрлік 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірге қажеттілік жоспарын жасады.

Жоспарға сәйкес, тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна тиесілі.