Тау-кен өндіру саласындағы ғимараттар 59%-ға, электрмен және жылумен жабдықтау саласында 70%-ға тозған
23 октября 2024
540
Қазақстанда негізгі құралдардың — ғимараттардың, құрылыстардың, өндірістік қуаттардың, көліктердің, құрылғылардың және тағы да басқа жабдықтардың әбден тозығы жеткені бұрыннан белгілі. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысына сай Қазақстандағы барлық салалар бойынша тозудың жалпы деңгейі бір жыл бұрын 46,2% болса, биыл 46,5%-ды құрады ( 0,3 п. т. қосылды).
Тозудың ең жоғары деңгейін электрмен және жылумен жабдықтау (ҚР бойынша орташа есеппен 70,5% және кейбір өңірлерде 80%–90%-ға дейін), сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі (ҚР бойынша орташа есеппен 59,1% және кейбір облыстарда 70%-дан астам) салалары көрсетіп отыр. Салалар мен аймақтар жөнінде толық мәлімет ақпараттық кестеде берілген.
Тозудың сан түрлі себебі бар — мемлекеттің капиталдық инвестициялардың (оның есебінен негізгі құралдар жаңартылады) рентабельділігіне алып келетін тарифтер мен бағаларды реттеуі, кейбір кәсіпорындардағы қылмыстық немқұрайлылық пен сыбайлас жемқорлық. Көбінесе соңғысымен жылдар бойы күресуге тура келеді.
Тау-кен өндіру, сондай-ақ энергетика саласына да тікелей қатысы бар, өткен жылы ғана Қазақстанның басқаруына қайтарылған Qarmet кәсіпорынын, бұрынғы атышулы «АрселорМиттал Теміртауды» мысалға алайық. Өндірістің отыз жылдық құлдырауын, технологиялық процестердің деградациясын және негізгі бағыттарға инвестицияның салынбауын ескерсек, Миттал қалдырған ауыр «жарақатты» әлі біраз тырмалауға тура келеді, себебі қайғылы оқиғалар, адам өлімі орын алды, экономикалық тұрғыдан шығынға ұшырадық.
Qarmet қазақстандық инвестордың басқаруына өткен жылдың соңында ғана оралды, сол үшін де мысалға алуды жөн көрдік. Компанияның активтеріне жүргізілген талдау нәтижесі көптеген параметрлердің сын көтермейтінін көрсетті. Мысалы, мұнда көмір тек үш шахтада — «Саран», «Шахтинск» және Күзембаев атындағы шахталарда өндірілген. Тағы үш шахта үнемді емес деп саналып, жабылуға дайындалды. «Қазақстан» шахтасында өрт салдарынан өндіру жұмыстары тоқтатылды, ал «Тентек» шахтасы 2021 жылдан бері өз жұмысын тоқтатқан. Кәсіпорындарда техниканың жаңартылмауының, алдын-ала ойластырылған шешімдердің нәтижесінде шахталар осындай аянышты күйге ұшырады.
Qarmet — ЖЭС-ПВС және ЖЭС-2 электр станцияларында да жағдай қуантарлық емес. Бұл — Теміртау қаласындағы үш жұмыс істейтін электр станциясының екеуі. Айта кетерлігі, бұл қала тозығы жеткен ЖЭС бойынша ондыққа кіреді, тозу деңгейі 67%-ды құрайды.
Дегенмен, кәсіпорында жағдайды түзетуге қатысты шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Мысалы, Qarmet ағымдағы жылы болат өндірісін 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, бастапқыда 3,3 млн тонна өндіру көзделген болатын (жылына 13%), ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,9 млн тонна деңгейінде болды. Темір кені концентратын өндіру жоспары — 10 млн тонна, жылдық өсімі — 10%.
Аталған жоспарлар сәтті түрде жүзеге асып келеді. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі өңдеу өнеркәсібі бойынша оң көрсеткіштерді атап өтті, өндіріс бір жылда 4,9%-ға өсті. Саланың ЖІӨ-ге қосқан үлесі 12,5%-ға тең, мұндай көрсеткіш бірінші кезекте, металлургия есебінен туындады.
«Металлургиядағы өсім ұлттық инвестор Qarmet-тің келуімен және оның кәсіпорындарды кешенді жаңғырту жұмыстарын бастағанымен байланысты. Нәтижесінде өндірістік тұрақтылық, қызметкерлердің орташа жалақысының 13,5%-ға көбейгені байқалады», –– деп атап өтті Үкімет.
Qarmet дамуға қомақты қаражат салуда. Қазірдің өзінде 3,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға өндірісті дамыту жобалары орындалды және әлі де іске асырылуда. Сонымен қатар көмір өндіру жобаларына шамамен 500 млн. АҚШ доллары және темір рудасын өндіру жобаларына 978 млн. АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция салу жоспарланып отыр.
Бүгінде кәсіпорын ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылғы жаңарту бағдарламасына 100-ден астам нысан енгізілді, 50 мың шаршы метр шатыр ауыстырылуда. Бұдан басқа, 120 санитарлық-тұрмыстық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.
Қабылданған стратегияға сәйкес, 2028 жылға қарай кәсіпорын 5 млн тонна болат, 9 млн тонна көмір және 5 млн тонна темір кені концентратын өндіруді жоспарлап отыр, бұл 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, өсімді орта есеппен 66%-ға арттырады. Сонымен қатар комбинат кезең-кезеңімен табиғи газға ауыстырылады, бұл бірінші кезеңде-ақ оның қоршаған ортаға әсерін 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл орайда бірден жедел өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Ондаған жылдар бойы жиналған мәселелерді, тіпті, қомақты инвестицияның өзі әп-сәтте шеше алмайды. Өндірістік және электрмен, жылумен жабдықтау инфрақұрылымы бойынша да дәл осындай жағдай. Бәрі бірден бола қоймайды, сондықтан, әйгілі «Карметті» қайта қалпына келтіру, жаңарту үшін жүйелі еңбек, уақыт әрі қыруар қаражат керек.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10499
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6831
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6735
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6544
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6457
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6455
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6395
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6381
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6378
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6371
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6341
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6318
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6274
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6264
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6258