Телеком неге қол жеткізді: «интернеттендіру» Қазақстан экономикасын қалай өзгертіп жатыр?
27 ноября 2026
144
Соңғы жылдары Қазақстан телекоммуникация инфрақұрылымын дамытуда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Еліміз мобильді интернет жылдамдығы бойынша халықаралық рейтингтегі орнын едәуір жақсартып, ақпарат және байланыс саласына салынатын инвестиция көлемін арттырды, сондай-ақ заманауи технологияларға қолжетімділік аясын кеңейтті. Сонымен қатар саланың дамуының маңызды экономика үшін барған сайын артып келеді: сапалы байланыс тек халыққа ғана емес, автоматтандыру мен цифрлық шешімдерді енгізіп жатқан кәсіпорындарға да өте қажет.
Ең айқын жетістіктердің бірі мобильді интернет жылдамдығының артуы болды. Халықаралық Ookla Speedtest Global Index сервисінің деректері бойынша 2026 жылғы қазанда Қазақстан 96,17 Мбит/с жүктеу жылдамдығымен әлемдік рейтингте 49-орынға тұрақтады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2022 жылғы желтоқсанда еліміз 95-орында тұрған еді, ал медианалық жылдамдық 21,29 Мбит/с деңгейінде болатын. Осылайша, төрт жылға жетпейтін уақыт ішінде ҚР әлемдік рейтингте 46 сатыға жоғарылап, мобильді интернет жылдамдығы 4,5 есеге өсті.
Ең қарқынды өсім 2023–2025 жылдары байқалды. 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан 72-орынға көтеріліп, жүктеудің медианалық жылдамдығы 35,07 Мбит/с жетті. Бір жылдан кейін еліміз 53,76 Мбит/с көрсеткішімен 57-орынды иеленсе, 2025 жылғы желтоқсанға қарай 95,32 Мбит/с жылдамдықпен 48-орынға дейін жоғарылады. 2026 жылғы қазанда жылдамдық 96,17 Мбит/с-қа дейін артып, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы ең жоғары 50 мемлекеттің қатарындағы орнын сақтап қалды.
Байланыс көрсеткіштерінің жақсаруы жаңа буын желілерінің дамуымен қатар жүреді. Kcell АҚ деректері бойынша халықты 5G технологиясымен қамту деңгейі 2023 жылғы нөлдік көрсеткіштен 2026 жылы 64,3%-ға дейін, ал 4G желісімен қамту 72,5%-дан 92,7%-ға дейін өсті. Сонымен бір мезгілде тіркелген интернет инфрақұрылымы да жаңғыртылып жатыр. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» абоненттерінің арасында талшықты-оптикалық қосылымды пайдаланатындардың үлесі 2024 жылғы 46%-дан 2026 жылғы қазанда 55%-ға дейін өссе, ескірген мыс желілерін қолданушылардың үлес салмағы 47%-дан 36%-ға дейін қысқарды. Қамту аясының кеңеюі және заманауи технологияларға көшу байланыс жылдамдығы мен сапасын одан әрі арттыруға жағдай жасайды. Өз кезегінде, Tele2 және Altel брендтерін ұсынатын «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС бесінші буын желілерін өрістету басталғаннан бері 3,1 мыңнан астам 5G базалық станциясын іске қосып, 128 елді мекенді байланыспен қамтамасыз етті.

Цифрлық инфрақұрылымды дамытуда инвестициялар көлемінің өсуі елеулі рөл атқарады. 2025 жылы ақпарат және байланыс саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 35,1%-ға артып, 481,8 млрд теңгеге жетті (НКИ — 132%). Салымдар 147,4 млрд теңгені құраған 2021 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,3 есеге өсті: 2022 жылы 192,4 млрд теңгеге жетсе, 2023 жылы бір жыл ішінде 438,4 млрд теңгеге дейін, яғни 2,3 есеге ұлғайды (НКИ — 223,4%). 2024 жылы сектордағы инвестиция көлемі 356,6 млрд теңгеге дейін қысқарғанымен, келесі жылы қайтадан өскенін көрсетті. 2026 жылы салымдар көлемі 500 млрд теңгеге дейін артады деп болжанады.
Телекоммуникация инфрақұрылымын дамытуға байланыс операторларының өздері де қомақты қаражат бағыттап жатыр. Атап айтқанда, Beeline Қазақстан («КаР-Тел» ЖШС) елімізде жұмыс істеген 20 жылдан астам уақыт ішінде инфрақұрылымға 4 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Бұл ретте компания желіні дамытуға бағытталатын жыл сайынғы салымдарын екі есеге жуық арттырып, 95 млрд теңгеге жеткізді. Инвестиция жабдықтарды жаңартуға, қамту аймағын кеңейтуге және жаңа технологияларды енгізуге жұмсалады. Мобильді оператордың деректері бойынша инфрақұрылымды тұрақты түрде жаңартып отыру қажеттілігі, сонымен қатар, абоненттердің артып келе жатқан сұраныстарымен және желілерге түсетін жүктеменің артуымен байланысты.
Инвестициялар ірі қалалардағы желілерді дамытып қана қоймай, ауылдық жерлерде де заманауи технологияларға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ шамамен 1,2 млн адам тұратын 3 мыңнан астам ауылды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді көздейтін құны 239 млрд теңгелік жобаны іске асыруда. 2026 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 1,2 мың елді мекен, 835 мектеп және 684 мемлекеттік мекеме желіге қосылды. Салынған магистральдық талшықты-оптикалық желілердің ұзындығы 16,4 мың шақырымға жетті. Инфрақұрылымды кеңейту ауылдық жерлерде цифрлық қызметтерді дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Сонымен қатар ҚР цифрлық экономиканы дамытуға қажетті деректерді сақтау және беру инфрақұрылымын нығайтуда. Атап айтқанда, Freedom Cloud Holding деректерді өңдеу орталықтарының желісін дамытып жатыр: компанияда жұмыс істеп тұрған жеті ДӨО бар, тағы үш нысан салынып, кеңейтіліп жатыр. Бұл бағытқа салынатын инвестицияның жалпы көлемі 109 млрд теңге деңгейінде мәлімделген, оның 28,2 млрд теңгесі игеріліп қойды. Бұдан бөлек, Батыс — Шығыс гипермагистралін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 9,3 мың шақырым болатын магистральдық желі салу жобасы іске асырылып жатыр. Мұндай жобалар еліміздің деректерді сақтау және өңдеу, сондай-ақ интернет-трафиктің халықаралық транзитін ұлғайту мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Қазақстанды цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағытына сәйкес келеді. Мемлекет басшысы толыққанды цифрлық экономика құру және негізгі салаларға жасанды интеллектіні кеңінен енгізу міндетін қойды. Президенттің бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы басымдықтарды іске асыру ірі қалаларда да, ауылдық жерлерде де цифрлық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін заманауи телекоммуникация инфрақұрылымын талап етеді.

Инфрақұрылымның кеңеюімен бірге телекоммуникация желілеріне түсетін жүктеме де артып келеді. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) деректері бойынша 2025 жылы Қазақстандағы интернет-трафиктің жалпы көлемі алдыңғы жылмен (12,5 мың Пбайт) салыстырғанда 58,9%-ға өсіп, 19,9 мың Пбайтқа жетті. 2026 жылы ведомство бұл көрсеткіш тағы 29,7%-ға артып, 25,8 мың Пбайтқа жетеді деп болжайды. Осылайша, небәрі екі жыл ішінде еліміздегі интернет-трафик көлемі 2,1 есеге өсуі мүмкін.
Бұл ретте интернет-трафик ақпарат және байланыс саласына салынатын жыл сайынғы инвестицияларға қарағанда әлдеқайда жылдам өсіп жатыр. 2026 жылға арналған болжамдарға сай 2024 жылмен салыстырғанда интернет-трафикті тұтыну 106,1%-ға артса, негізгі капиталға салынған инвестициялар 40,2%-ға ғана өседі. Мұндай айырмашылық телекоммуникация желілеріне түсетін жүктеменің салаға құйылатын жыл сайынғы салымдарға қарағанда жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын көрсетеді. Бұл одан әрі инвестиция тартудың ғана емес, жабдықтарды жаңартудың, желілердің өткізу қабілетін кеңейтудің және қолданыстағы инфрақұрылымды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларды енгізудің маңызын арттырады.
Телекоммуникация желілерінің тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі жасанды интеллектіні қолдану болып отыр. Мұндай технологиялар операторларға базалық станцияларға түсетін жүктемені қадағалауға, ақауларды жедел анықтауға және байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мәселен, Kcell АҚ деректері бойынша зияткерлік жүйелерді пайдалану 2026 жылдың үшінші тоқсанында желінің қолжетімсіз болу уақытын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде, Tele2 және Altel брендтерін ұсынатын «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жабдықты автоматты түрде баптаудың арқасында 204 қамту аймағындағы байланыс ақауларын жойып, абоненттердің техникалық шағымдарының санын 11%-ға азайтты.
Телекоммуникация желілерінің дамуы өнеркәсіп үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Заманауи LTE және 5G технологиялары өндірістік процестерді автоматтандыруға, техниканы нақты уақыт режимінде басқаруға және жұмыскерлердің қауіпсіздігін арттыруға жол ашады. Kcell АҚ деректері бойынша Қазақстанда LTE/5G жеке өнеркәсіптік желілерінің 19 жобасы іске асырылуда. Мысалы, Eurasian Resources Group (ERG) кәсіпорындарында цифрлық шешімдерді қолдану тау-кен өндіру жабдықтарын пайдалану тиімділігін 10%-ға арттыруға мүмкіндік берсе, KAZ Minerals объектілерінде өнімділік 10%-ға ұлғайған, ал Solidcore Resources кәсіпорындарында техниканы пайдалану тиімділігі 15%-ға өскен. Осылайша, заманауи байланыс инфрақұрылымын дамыту өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жаңаруына ықпал етеді.

Қазақстанның цифрлық даму міндеттерін іске асыруда ҚР ЖИЦДМ маңызды рөл атқарады. Бейінді ведомство телекоммуникация инфрақұрылымын кеңейтуді, инвестиция тартуды және жаңа технологияларды енгізуді үйлестіреді. Бұл ретте желілер салуға ғана емес, байланыс сапасын арттыруға, қалалар мен ауылдар арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға, сондай-ақ экономикада заманауи технологияларды неғұрлым кеңінен қолдануға ерекше назар аударылады.
Саланың алдағы міндеттері 2026 жылғы 24 қарашада премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында қаралды. Үкімет басшысы президенттің цифрлық экономика құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында телекоммуникация инфрақұрылымын озық қарқынмен дамыту қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ЖИЦДМ мүдделі мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жеке 5G желілерін енгізу үшін басым салалар мен кәсіпорындарды айқындау тапсырылды. Осы мерзім ішінде телекоммуникация саласына инвестиция тартудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі шараларды әзірлеу жоспарланған. Бұдан бөлек, үш ай ішінде маңызды байланыс желілерінің тұрақтылығына аудит жүргізіп, базалық станцияларға түсетін жүктемені оңтайландыру үшін ЖИ негізіндегі шешімдерді кеңейту жоспарын бекіту қажет.
Қазақстанның телекоммуникация саласының одан әрі дамуы инфрақұрылымның халық пен бизнестің артып келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыру қабілетіне барған сайын тәуелді болады. Бұл ретте тек жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізу ғана емес, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру, жаңа қызметтерді дамыту және өңірлер арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту үшін заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндігі де маңызды. Бұл ҚР-ға цифрлық экономикадағы орнын нығайтуға және экономикалық өсім үшін қосымша мүмкіндіктер туғызуға ықпал етеді.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
11282
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
8673
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
8054
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
7855
Қазақстан темір кенін өндіруден үздік 10 елдің қатарында
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 2022 жылы дүние жүзінде шамамен 2,8 млрд тонна металл өндірілген. Қомақты көлем темір кеніне тиесілі: Читать далее...
7 марта 2024
7801
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
7745
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
7603
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
7491
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
7309
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
7281
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
7247
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
7219
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
7125
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
7093
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6921