Жаһандық инновациялық индекс бойынша елдер рейтингінде Қазақстан тіпті Ираннан да артта қалды
28 мая 2026
90
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Жаһандық инновациялық индекс (Global Innovation Index, GII) рейтингінде 26,3 көрсеткішімен 139 елдің ішінде 81-ші орынды иеленді. Бұл индексті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының сарапшылары 80-нен астам көрсеткіш негізінде есептеп шығарады. Олардың қатарында институционалдық аспектілер, адами капиталды дамыту факторларымен қатар, бизнестің инновациялық белсенділігі, цифрландыру, инфрақұрылым, шығармашылық пен жаңашылдықтың күрделілігі, сондай-ақ бизнес пен нарықтың жетілу деңгейі бар. Индекс тек ғылыми жетістіктерді ғана емес, сонымен бірге жаңа өнімді экономика мен бизнесте іс жүзінде қолданылуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Рейтинг көшбасшылары — Еуропа мен Азияның дамыған елдері. Бірінші орынға өмір сүру сапасы ең жоғары мемлекеттердің бірі — Швейцария жайғасты. Бұл елдегі инновациялық даму индексі өткен жылы 66-ға жетті. Сондай-ақ үздік бестікке Швеция (62,6), АҚШ (61,7), Оңтүстік Корея (60) және Сингапур (59,9) енді.
Қазақстанның позициясы жақын көршілері — Ресей (30,3) мен Өзбекстаннан (26,5), тіпті Моңғолия (26,7), Иран (28,5) және ОАР (30,1) сияқты кейбір экономикасы айтарлықтай әлсіз әрі теңгерімсіз елдерден төмен болып шықты.
Қосалқы индекстерге сүйенсек, мұндай нәтижеге ҚР нарықтың жетілу деңгейі (93-орын), білім мен технологиялар саласындағы нәтижелер (87-орын), бизнестің жетілуі мен шығармашылық нәтижелер (қос критерий бойынша да 82-орын) сияқты айтарлықтай төмен көрсеткіштері себеп болған.
Айта кетейік: GII-2024 рейтингімен салыстырғанда Қазақстанның индексі сәл де болса жоғарылады, алайда бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейге қарағанда, баяу өсті, соның салдарынан ҚР позициясы тек төмендей түсті. Мәселен, бір жыл бұрын Қазақстан 22 индекспен 78-орында тұрған болатын.

Ішкі статистика не дейді? ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мамандары кәсіпорындардың инновация саласындағы белсенділік деңгейін жыл сайын өлшеп отырады. Бұл көрсеткіш қандай да бір жаңа өнімдерді әзірлейтін немесе өз жұмысына енгізетін компаниялардың үлесі ретінде есептеледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш бар-жоғы 11,9%-ды құрады. Соңғы бірнеше жылда бүкіл әлемде жаңа технологиялар, ЖИ, машиналық оқыту қарқынды дамып, өндіріске енгізіліп жатқанда, инновацияларды қолдана отырып жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың үлесі шамалы ғана өзгерді. Абсолюттік мәндегі өзгерістер де аса байқала қойған жоқ. Егер 2020 жылы елімізде инновацияны қолданатын 3,2 мың кәсіпорын болса, өткен жылы олардың саны 3,8 мыңды құрады.
Мұндай озық компаниялардың жартысынан астамы, күтілгендей-ақ, тек екі қалаға — Алматы мен Астанаға тиесілі. 2025 жылы осы екі ірі мегаполистегі инновациясы бар кәсіпорындардың жалпы саны 1,9 мыңнан асқан. Бұл ретте қос шаһардағы бизнестің инновация саласындағы белсенділік деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен аса қатты ұзап кете қойған жоқ: сәйкесінше 15,1% және 16,1%-ды құрады. Ел бойынша орташа деңгейден жоғары көрсеткіштерді Ақтөбе (17,6%), Қызылорда (14,8%), Қарағанды (14%), Солтүстік Қазақстан (13,7%) және Жетісу (12%) облыстары көрсетті.
Сонымен қатар бірқатар өңірлерде бизнестің инновациялық қызметке тартылу деңгейі тым төмен екені тіркелді. Инновацияны ендірген кәсіпорындардың ең аз үлесі Атырау (4,1%) және Маңғыстау (4,3%) облыстарына тиесілі. Төменде көрсетілетіндей, негізінен жаңашылдықты енгізуге бейім келетін өндіруші салалар басым бұл аймақтар үшін бұл таңғаларлық жағдай. Инновациялық белсенділіктің салыстырмалы түрде төмен деңгейі Ақмола (5,8%) және Батыс Қазақстан (5,4%) облыстарында да байқалды.

Экономика салалары бойынша инновациялық белсенділік құрылымын талдау айқын саралануды көрсетеді. Инновацияны ендірген кәсіпорындардың ең көп үлесі дәстүрлі түрде ғылымды қажет ететін сегменттермен байланысты салалар — жоғары білім беру (56,6%), ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер (28,9%) бойынша тіркелді. Бұл ретте абсолюттік мәнде инновацияларды қолданатын кәсіпорындардың ең көп мөлшері сауда саласында: 1,4 мың. Инновацияны қолданатындардың санатына нарыққа жаңа немесе жетілдірілген тауарларды шығаратын компаниялар енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл — өнімдік инновациялар.
Жоғарыда атап өткен, ел үшін басым маңызы бар тау-кен өндіру саласында инновациялық белсенділік танытқан кәсіпорындардың үлесі ҚР бойынша орташа көрсеткіштен жоғары болып, 12,1%-ды құрады. Өз кезегінде, өңдеуші өнеркәсіпте олардың үлесі 15,6%-ға жетті.
Бірқатар салада инновациялық қызметке тартылу деңгейі айтарлықтай төмен болғаны анықталды. Ең төменгі үлес пен некен-саяқ кәсіпорындар қалдықтармен жұмыс істеу — жинау және жою (3,1%), сондай-ақ ластануды жою қызметі (6,7%) сегменттеріне тиесілі болды. Бұл жағдайдың экологиялық ахуалға қаншалықты теріс әсер ететінін және еліміз ұмтылуға тиіс Тұрақты даму мақсаттарынан қаншалықты алыс екенін ерекшелеп айтып жатудың өзі артық шығар — өкінішке қарай, бәрі де айдан анық.
Құрылыс (5,1%) және көлік (4,5%) салаларындағы көрсеткіштер де салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалды. Инновациялардың экономиканың әртүрлі секторларында біркелкі таралмауы салалардың өзіндік ерекшеліктерімен (капиталды көп қажет ететіндігімен, технологиялардың консервативтілігімен), сондай-ақ осы салалардағы жаңашылдықтар үшін инвестиция деңгейінің жеткіліксіздігімен түсіндірілуі мүмкін.

Неліктен қазақстандық 10 кәсіпорынның 9-ы жұмысына инновацияларды енгізбейді? Себептерді талдау нарықтық және экономикалық факторлардың басым рөл атқаратынын көрсетеді. Ең үлкен топ — 12,5 мың кәсіпорын немесе 48,4%-ы — басты себеп ретінде тұтынушылар тарапынан мұндай тауарлар мен қызметтерге сұраныстың жоқтығын атап өткен. Бірден айта кетейік: компаниялар жауаптың бірнеше нұсқасын көрсете алған, сондықтан мұнда тұтас бір проблемалар кешені байқалуы мүмкін.
Себептердің арасында екінші орында инновациялық қызметті қаржыландырудың жоқтығы немесе оның тым қымбаттығы тұр. Бұл туралы шамамен 8,4 мың компания немесе 32,4%-ы мәлімдеген. Сондай-ақ қажетті инновацияларды бұған дейін енгізіп үлгерген және әзірге жаңаларына қажеттілік көріп отырмаған кәсіпорындар да айтарлықтай үлесті құрады: 2,2 мың компания.
Кедергілер ретінде кадр тапшылығы (бұл туралы 567 кәсіпорын мәлімдеді) және жалпы әкімшілік пен нарықтық қиындықтар да аталды, олардың қатарында технологиялар туралы ақпараттың жеткіліксіздігі де, серіктестер табудағы қиындықтар мен нарықтағы басымдыққа ие ойыншылар тарапынан болатын қысым да бар. Бұл деректер проблемалардың көпдеңгейлі сипатын анық көрсетеді: ақша мәселесінен бөлек, бизнеске білімге, ресурстарға және нарықтық нишаларға қол жеткізудегі жүйелі шектеулер де кедергі келтіріп отыр.

Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
11063
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
8424
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
7558
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
7488
Қазақстан темір кенін өндіруден үздік 10 елдің қатарында
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 2022 жылы дүние жүзінде шамамен 2,8 млрд тонна металл өндірілген. Қомақты көлем темір кеніне тиесілі: Читать далее...
7 марта 2024
7422
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
7332
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
7242
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
7177
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
7089
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
7045
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6987
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6969
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6876
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6851
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6686