Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша оңтүстік астана «көш бастап тұр», алайда бұл ЖКО-да өлім-жітімі ҚР бойынша ең төмен

Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша оңтүстік астана «көш бастап тұр», алайда бұл ЖКО-да өлім-жітімі ҚР бойынша ең төмен

 

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ҚР-да 5,2 мың жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, соның салдарынан адамдар қаза тапты немесе жараланды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға артық.

ЖКО ең көп саны Алматыда тіркелді — шамамен 1,5 мың. Одан кейін Алматы және Жамбыл облыстары — тиісінше 862 және 548 ЖКО.

 

 

2022 жылғы қаңтар–мамырда ЖКО салдарынан 7,7 мыңға жуық адам зардап шекті, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 11,9%-ға артық.

Оның ішінде жараланғандар — 6,9 мың адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға артық.

 

 

Биыл ЖКО кезінде қаза болғандар саны 744 адамға жетті. Бұл 2015 жылдан бастап тиісті кезеңдегі (қаңтар–мамыр) ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш бірден 22,6%-ға артты.

Өңірлік бөліністе ЖКО кезінде қаза болғандардың ең көп саны Алматы облысына (163 адам), одан кейін Жамбыл (99 адам) және Түркістан облыстарына (63 адам) тиесілі болды.

Бұл ретте жол-көлік оқиғалары кезіндегі өлім-жітімнің ең нашар көрсеткіші Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тіркелген: мұнда 100 ЖКО-ға бірден 35 қаза тапқан адам тиесілі. Одан кейін Қызылорда облысы — 100 ЖКО-да 31 адам қаза тапты.

«Өлім қаупі ең аз» ЖКО Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында орын алады — тиісінше 100 ЖКО-да 2 және 3 адам қаза тапқан. Алайда, өңірлерде айтарлықтай зиян келтірмейтін (өлімге апармайтын) жазатайым оқиғалар елдің екі астанасына қарағанда нашар және аз тіркеледі деген ықтималдық бар.