Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
17 января 2024
6821
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды
Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, әлемде барлық түрдегі автокөлік өндірісі 85 млн данаға жетті, оның 61,6 млн-ы жеңіл көліктер болды. Автокөлік өнеркәсібінің жылдық өсімі 6,1%-ға жетті. Жалпы, 2020 жылғы коронадағдарыстың соққысынан кейін өндіріс бір жылда 16% қысқарып, артынша бір жылдан кейін 2021 жылы 3,3% өсті. Сондықтан әлемдік автокөлік өнеркәсібінің ауқымы біртіндеп қалпына келеді.
Автокөлік өнеркәсібі — әлемдегі ең ірі өңдеуші салалардың бірі. Жоғарыда айтылғандай, жыл сайын 60 млн-нан астам жеңіл автокөлік шығарылады, бұл әлемдік мұнай тұтынудың шамамен 50%-ын құрайды. Салада 4 млн-нан астам адам жұмыс істейді, бұл ретте дамуы автокөлік өнеркәсібіне жанама түрде тәуелді кәсіпорындарды есепке алынбайды.
Жаһандық экономиканың дамуы автокөлік өнеркәсібіне байланысты, ол интеграцияланған салалардың кең спектрін қамтиды. Автокөлік өнеркәсібі әлемдік ІЖӨ-нің шамамен 3%-ын құрайды, бұл көрсеткіш Қытай және Үндістан сияқты дамып келе жатқан нарықтарда жоғарырақ, мұнда автокөлік өнеркәсібі ІЖӨ-нің тиісінше 10% және 7%-ын құрайды. Ал Еуропалық Одақтың ІЖӨ-нің 7%-дан астамы автокөлік өнеркәсібіне тиесілі.
Автокөлік өндірісі үш маңызды бағытты қамтиды: өнеркәсіпті дамыту, мобюильділік және адами капиталды дамыту. Бүкіл әлемде автомобиль өнеркәсібі болат диірмендері, құрамдас бөліктерді, шыны және басқа да ілеспе өнімдерді өндірушілер сияқты өндірістік және инфрақұрылымдық кластерлерді құрайтын басқа да өндірістік зауыттармен қоршалған.
OICA автокөлік өндірушілерінің халықаралық ұйымында автокөлік құрастыратын, өндіретін немесе сататын 50-ден астам ел бар. Оның ішінде тек 15 ел ғана нөлден бастап түпнұсқалық өндірістегі көліктерді жасай алады. Олардың қатарында көршіміз Қытай да бар. Қытайдағы және кейбір басқа елдердегі автокөлік өнеркәсібінің даму тарихына назар аударайық.
Императрица Цыси заманына оралмасақ, Қытайдағы автомобиль өнеркәсібінің дамуы 1978 жылы басталған экономикалық реформа саясатының бөлігі ретінде бастау алды.
Сонымен бірге билік жергілікті өндірісті бастау үшін импортты шектеді. Атап айтқанда, шетелдік көліктерге 260%-дық импорттық баж салығы болды. Оның үстіне 1985 жылдың наурыз айында әкелінетін автокөліктерге кедендік баж салығы бұдан да жоғары көтерілді, кейінірек «қорғаныш» акцизі қосылды. 1985 жылдың қыркүйегінде барлық дерлік автокөлік импортына екі жылдық мораторий енгізілді.
Сонымен бірге, ҚХР жеңіл автокөліктерді бірлесіп шығару туралы қолданыстағы келісімдерді кеңейту, сондай-ақ жаңаларын жасау арқылы жергілікті өндірісті ұлғайтты.
Қытайдың автоөнеркәсібі орасан зор секіріс жасады: егер 1985 жылы ел небәрі 5,2 мың жеңіл автокөлік шығарса, ал 1992 жылы өндіріс алғаш рет миллион автокөліктен асып, 2000 жылдардың аяғында Қытай әлемдік автоөндірісте бірінші орынды иеленді.
Жалпы, бұл түсінікті де, сол онжылдықтарда Қытай халқы тез өсті және бүкіл әлемде сияқты, автокөлікке сұраныс тез өсті. Мәселен, 50–60 жылдары Қытай халқы 600 млн-нан 800 млн адамға дейін өссе, 1985 жылы 1 млрд, 1992 жылы 1,2 млрд, ал 2000 жылдардың аяғында 1,3 млрд халқы болды (қазір — 1,4 млрд-тан астам).
Оның үстіне өткен ғасырда Қытай автокөлік өнеркәсібінің міндеті саланың қалыптасуы болса, осы ғасырда 2012 жылдан бастап «таза» автокөліктерге, электрокөліктерге көшті. 2030 жылға қарай іштен жану қозғалтқыштары (ІЖҚ) бар автокөліктерге тыйым салуды жоспарлап отыр. 2023 жылдың қарашасында Қытайда 2,9 млн жеңіл автокөлік сатылды, оның 1 млн-нан астамы немесе 35,1%-ы электрокөлік. Айтпақшы, әлемдік электрокөлік нарығының 35%-ын қытайлық BYD бренді алып жатыр.
Қытайдың автокөлік өнеркәсібінің негізгі кезеңдері төмендегі инфографикада. Бұл автокөлік өнеркәсібінің дамуының өте шабыттандыратын үлгісі және ол біздің көршіміз.
Түркия автокөлік өнеркәсібінің сәтті құрылысының тағы бір жарқын мысалы. Бұл ел автокөлік жабдықтарының барлығын дерлік шығарады: жеңіл автокөлік, шағын коммерциялық көлік (пикап, фургон, микроавтобус), жүк көлігі мен арнайы техника, автобус, сондай-ақ оларға арналған құрамдас бөліктер мен автокөлік бөлшектері (Еуропадағы жетекші жеткізуші).
Түрік автокөлік өнеркәсібі өткен ғасырдың 50–60 жылдарынан бастау алады. Содан кейін секторда толық импортты алмастыруды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды және импорттық шектеулермен Ford, Renault және Fiat автомобильдерінің лицензиясы бойынша өндіріс басталды.
1980 жылдары секторды ырықтандыру кезеңі басталды, ал 1990 жылдардың бірінші жартысында шетелге алғашқы жеткізілімдер басталды. Ішкі нарықтың өсуін 1990-шы жылдардың екінші жартысында түрік азаматтарының әл-ауқатының өсуімен байланыстыруға болады, сонымен бірге автокөліктерді сыртқы нарықтарға, әсіресе ЕО елдеріне жаппай экспорттау мүмкіндігі пайда болды. 2004 жылға қарай Түркия негізінен ЕО елдеріне жылына 518 мың автокөлік экспорттайтын болды.
Зауыттарға келетін болсақ, 1959 жылы Ford Otosan ұлттық компаниясы Түркияда өндірісті бастады, 1963 жылы — Otokar, 1964 жылы — BMC және Askam, 1966 жылы — Karsan, MAN, Otoyol және A.I.O.S., 1968 жылы — Mercedes-Benz Türk, 1971 жылы — Oyak-Renault және TOFAŞ, 1987 жылы — Temsa, 1994 жылы — Toyota, 1997 жылы — Honda және Hyundai Motor.
2003 жылдан бастап елде жарты млн-нан астам, ал 2007 жылдан бастап жылына млн-нан астам автокөлік шығарыла бастады. Динамика бойынша Түркияда автокөлік өндірісі 15 жыл ішінде (2002 жылдан 2016 жылға дейін) 374 мыңнан 1,5 млн-ға дейін өсті. 2022 жылы коронадағдарыс басылғаннан кейін Түркия 1,4 млн көлік шығарды.
Бүгінгі таңда автокөлік өнеркәсібі Түркиядағы машина жасау өнеркәсібінің жетекші саласы және елдің өзі әлемдегі ең ірі 15 автокөлік өндіруші (13-орын) және Еуропадағы алғашқы бестіктің қатарына кіреді. Төменде осы деректерді көруге болатын толығырақ рейтингті береміз.
Тағы бір көршіміз Өзбекстанның автокөлік өнеркәсібінің дамуына назар аударған жөн. Бір қызығы, оның тарихы іс жүзінде отыз жыл бұрын нөлден басталған, өйткені Кеңес дәуірінде Өзбекстан Республикасының аумағында автокөлік өнеркәсібі болмаған.
Өзбекстанның автокөлік өнеркәсібі тарихының бастапқы нүктесін Өзбекстанның бірінші президентінің Оңтүстік Кореяға сапары мен 1992 жылы маусымда Daewoo Motors зауыттарына сапары деп санауға болады. 1993 жылдың наурыз айында UzDaewooAuto бірлескен кәсіпорны тіркелді, ал 1994 жылдың маусымында Әндіжан облысының Асака қаласында бірінші өзбек автокөлік зауытының құрылысы басталды.
1996 жылы наурызда Өзбекстанның бірінші автокөлік шығаратын зауытының конвейерінен бірінші көлік шықты, ол Damas микроавтобусы болды. Сол жылы Өзбекстан Республикасында ғана емес, Қазақстан Республикасында және басқа да ТМД елдерінде танымал болған тағы екі модель — Tico және Nexia шығарыла бастады. 2001 жылдың тамызында Matiz өндірісі іске қосылды.
Өзбекстан 1998 жылдан бері Автокөлік өндірушілерінің халықаралық ұйымының (OICA) мүшесі.
2007 жылы Өзбекстан Daewoo-ны өзіне сіңірген америкалық General Motors концернімен ынтымақтастықты бастады. Нәтижесінде жаңадан құрылған GM Uzbekistan компаниясы Tacuma, Epica және Captiva үш жаңа моделін шығарды, ал танымал Nexia мен Matiz ЕВРО 3 қозғалтқыштарымен жабдықталады. Сол жылы Chevrolet брендімен автокөліктер шығарыла бастады.
2010 жылдың тамызында Spark моделінің жаппай өндірісі басталды, 2012 жылы Cobalt және Malibu бизнес-класс седандары, кейінірек желі жаңа үлгілермен айтарлықтай кеңейтілді.
2022 жылы Өзбекстан көлік өндірісі бойынша әлемде 28-орында (333 мыңнан астам дана) — бұл ТМД-да Ресейден кейінгі екінші нәтиже және Орталық Азия елдері арасында бірінші орын.
Осылайша, әртүрлі елдердегі автокөлік өнеркәсібінің өсуі факторлардың жиынтығының нәтижесі: халық санының өсуі, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, жалпы барлық процестерді автоматтандыру деңгейін арттыру, экологиялық проблемалардың туындауы, табысты халықаралық ынтымақтастық, локализация деңгейінің жүйелі жоғарылауымен байланысты. Мұның бәрі Қазақстан үшін де, еліміздің автокөлік өнеркәсібі үшін де өзекті.
Уақытылы мемлекеттік қолдау дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарады және нарықты импорттаушылар мен «қоқыс көліктерден» (Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан) қорғауға бағытталған және сұранысты ынталандыруға бағытталған түрлі шараларды қабылдауға болады. Мәселен, бір кездері Қытай, Бразилия (Programa de incentivo a compra de veiculos leves), Ресей, Үндістан (FAME), Ұлыбритания, Германия (Förderprogramm Elektromobilität), Аустралия (The Financial Resilience program) және көптеген басқа елдер автокөлік жүргізушілеріне жергілікті өндірілген автокөліктерді, соның ішінде электрокөлік пен автокөлік сатып алу үшін жеңілдікті несиелеуге немесе субсидиялауға жүгінді.
Жергілікті автоөнеркәсіпті қолдауға деген ұмтылыс — кең таралған автоматтандыруды және жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігін ескере отырып, өте дұрыс үрдіс. Қалай болғанда да, күшті автокөлік өнеркәсібі ғана елге экономикалық тәуелсіздік пен жоғары экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз ете алады.
Қазақстандық автокөлік өнеркәсібі де 2003 жылдан бастап елімізде жылына 3-4 мың ғана «Нива» маркалы автокөлік құрастырудан бастап, бүгінгі күнге дейін іс жүзінде ұзақ жолдан өтті. Осы жылдар ішінде елімізде жеңіл де, жүк көліктері де, арнайы көліктер, автобустар, ауылшаруашылық техникалары және т. б. өндірісі ашылды. Қазақстанға Chevrolet, Kia, JAC, Hyundai, Jetour, Daewoo, КАМАЗ және т.б брендтер келді.
Еліміздегі негізгі зауыттардың қатарында Қостанайдағы Allur, Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Almaty, Семейдегі «СемАЗ» және Daewoo Bus Kazakhstan, Сарандағы QazTehna, Көкшетаудағы «КАМАЗ-Инжиниринг» зауыттары бар.
OICA мәліметінше, ҚР-да 2022 жылы 112,5 мың көлік (жеңіл автокөлік, жеңіл коммерциялық көлік, микроавтобус, жүк көлігі, автобус және қалааралық автобус) шығарылды, бұл бір жыл бұрынғы 92,4 мыңмен, бес жыл бұрынғы 19,1 мыңмен, 2010 жылғы 3,2 мыңмен салыстырғанда айтарлықтай. Мамандандырылған көліктерді қосқанда барлығы 114 мыңға жуық көлік шығарылды.
Анықтама үшін: 2023 жылдың он айында Қазақстанда автокөлік өнеркәсібінің өнімі құндық мәнде өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 902,4 млрд теңге және 2022 жылдың барлық кезеңіндегі 1,2 трлн теңгенің орнына айтарлықтай 1,5 трлн теңгеге жетті.
Физикалық түрде барлық үлгідегі 123,9 мың дана көлік өндірілді, бір жылда 40,2% көбейген, оның ішінде тек жеңіл автокөлік — 112,8 мың бірлік (40,5% көбейген).
Отандық автоөндірушілер қазірдің өзінде Қазақстанның машина жасау өнеркәсібінің жалпы өнімінің 45%-дан астамын, өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнімінің шамамен 9%-ын және елдің жалпы өнеркәсіп өнімінің 4%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бұл саланың нәтижелерін шоғырландыру және одан әрі жақсарту үшін барынша күш-жігер мен шараларды қолдау маңызды екенін көрсететін тамаша көрсеткіштер.
Танымал мақалалар
Барлығын көруҚазақстанның қаржы секторы ESG тәжірибелерін кеңінен қолдануда. Зерттеу
Соңғы жылдары Қазақстанда компаниялардың қызметіне ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері) қағидаттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл тұрақты дамудың өсіп келе Читать далее...
7 ноября 2024
10497
Әлемде жыл сайын 60 миллионнан астам жеңіл автокөлік шығарылады, ал көліктердің жалпы өндірісі 85 миллионнан асады
Көлік шығаратын зауыттар әр елдерде 4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, ІЖӨ-нің 10%-ын құрайды Толық 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Читать далее...
17 января 2024
6821
Теміржолмен жолаушылар тасымалы да, жүк тасымалы да бір жылда 2% өсті
Бір жылдан аз уақытта сектордағы компаниялардың табысы 1,5 триллион теңге 2023 жылдың қаңтар–қарашасында теміржолмен 18,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл былтырғыдан Читать далее...
25 декабря 2023
6732
Әлемдік туризм пандемиядан кейін қалпына келеді. Қазақстан шетелдік туристерді қалай көбірек тарта алады?
Дүниежүзілік туристік ұйым әлемдік туризм биыл пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады деп болжайды. Экономиканың басқа секторларына қарағанда локдаун мен геосаяси Читать далее...
15 марта 2024
6533
Қай азық-түлік қатты қымбаттады?
2023 жылғы желтоқсанның соңында ҚР-да азық-түлік бір айда 0,9%, бір жылда 8,5% қымбаттады. Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада азық-түлік ең Читать далее...
23 января 2024
6454
Балық шаруашылығы стартабы: ҚР-дағы мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнестің балық өсіруге деген қызығушылығы күрт артты
Қазақстандағы аквашаруашылық қоры бірнеше жылда 3,4 есе өсті Қазақстанда балық шаруашылығында өндірістік көрсеткіштердің белсенді өсуі байқалады. ҚР СЖРА Ұлттық статистика Читать далее...
11 января 2024
6453
Кондитерлік өнімдер 12%, тоқаш және басқа да нан өнімдері 14% қымбаттады
Кей өңірлерде баға айтарлықтай өсті Қазақстандықтар үшін тәттілер өте маңызды. ҚР халқы мереке күндері сауда жасағанда немен бетпе-бет келді? 2023 Читать далее...
12 января 2024
6389
Қазақстанда бір жылда такси қызметі 9% қымбаттады
ТМД елдері арасында ҚР-да такси ең қымбат 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17% өсіп, Читать далее...
19 января 2024
6380
Қазақстан ұнды қай елдерге көбірек экспорттайды?
Елде ұн өндірісі 1% артты 2023 жылғы қаңтар–қазанда ҚР-да дәнді дақылдардан және олардың майда тартылған қоспаларынан 2,7 млн тонна ұн Читать далее...
29 декабря 2023
6377
ҚР-дағы электр энергиясы өндірісінің 6%-ға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Бұл әлі өте аз, бірақ бұрынғыдан жақсырақ
Былтыр жыл соңында ҚР-да электр энергиясын өндіру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 451,4 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан Читать далее...
29 января 2024
6368
Бидай мен меслин экспорты тоннамен 21% өсті, бірақ ақшалай 3%-дан аз көбейді
2023 жылдың қаңтар–қарашасында Қазақстан 1,7 млрд АҚШ долларына 6,7 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Өсім физикалық түрде 20,6%, ақшалай Читать далее...
26 января 2024
6340
ҚР-да темекі сатылымы бір жылда 69% көбейді
2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда темекі өнімдері өндірісі 2022 жылғы сәйкес кезеңдегі 287,9 млрд теңгемен салыстырғанда құндық мәнде 283 млрд теңгені құрады. Читать далее...
30 января 2024
6316
Қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жылқы еті өндірісі азайды
Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3% қымбаттады. Атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті ең көп Читать далее...
12 марта 2024
6273
ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды
Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді. Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра Читать далее...
18 марта 2024
6262
Қарауға болады, бірақ ұстауға болмайды: неге Қазақстанда шетелдік аңшылық туризмі көрсеткіші төмендеп жатыр?
Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы аңшылық өнеркәсібінде алғаш рет өндірістік көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2022 жылы саладағы өнімдер мен қызметтердің нақты көлем Читать далее...
18 января 2024
6255